Маврикийде ұлыбританиялық турист дауыл кезінде теңізге кетіп қалған баласын құтқармақ болып өзі ажал құшты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес суға сүңгіген 49 жастағы ер адам аралдың оңтүстік жағалауындағы Помпонетт лагунасында толқындардың арасына түсіп, ғайып болған. Абырой болғанда оның 15 жастағы ұлы жағаға шығып үлгерген.
23 және 24 наурызда ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына Жағалау күзеті мен полиция тікұшағы да тартылды. 26 наурызда ұлыбританиялықтың қаза болғаны белгілі болды.
Басылым атап өткендей, қайғылы оқиға ер адам отбасымен бірге Маврикийге келген соң бір күннен кейін болған. Олар 30 наурызда үйіне қайтуы керек еді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!