Адамжегіш-акула әйгілі фильм түсірілген жерде адамдарға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Челюсти" фильмінен кадр "Челюсти" фильмінен кадр

АҚШ-та екі ер адамға үш метрлік акула шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Surfer Magazine порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та екі ер адамға үш метрлік акула шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Surfer Magazine порталына сілтеме жасап.

Олар Массачусетс штатындағы Истхэм қаласының жағалауында сапсерфингпен айналысқан. Айта кетейік осы маңайда Стивен Спилбергтің "Челюсти" фильмі түсірілген.

Рэй Траутс есімді ер адамның аайтуынша, ол тақтайшада тұрғанда адамжегіш-акуланы көрген. Осы кезде жыртқыш оның туысы Пит Эмондаға жүзіп бара жатқан. Ол ескекпен суды шалпылдатқан, сосын акула бұрылып өзіне қарай жүзген.

"Мен Питке жағаға қарай қаш деп айғайладым, бұл кезде акула мені айналшықтап жүрді, ол тым агрессив әрі қозып тұрді", - дейді ер адам.

Траутс бірашама уақытта соң жағаға шыққан. Екі серфер де жарақаттан аман, алайда қатты күйзеліске ұшыраған.

"Мен серфинг кезінде көптеген ақ акула көрдім, алайда бұл жағдай барлығынан әсерлі болды", - дейді Траутс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная