Адам нанғысыз: балаларды курортта 12 сағат жұмыс істеуге мәжбүр етіп құлдықта ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/ChristianGMD17 © pixabay.com/ChristianGMD17

Мексикадағы Плайя-дель-Кармен атты курортты қалада адам айтқысыз қылмыс бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұнда полиция ең кішісі бірде, ал ең үлкені 17 жастағы 20 баланы күніе 12 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлеген құлдық өмірден құтқарды. Балаларға жағажайдағы туристерге тамақ пен ұсақ-түйек сатқызған, тіпті қайыр тілеткен екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Балалардың бәрі жалға берілетін бөлмелерден табылған. Олардың бәріне жамау киім ғана беріп, үсті басы кір күйде аш құрсақ ұстаған.

Кинтана-Роо штатының прокуратурасы тергеу барысында балалардың курорттық емес, өте кедей Чьяпас штатынан екені анықталды. "Оларды табыс табуға "шақырған". Ақша тауып туыстарыңа жөнелте аласыңдар деп уәде берген. Ал ақысын сұраған кезде ата-аналарың жіберіп қойдық деп отырған", - деп жазады жергілікті БАҚ.

Әзірге бұл іс бойынша екі күдікті ұсталды - олар балалрмен бірге тұрған. Әзірге оларға айып тағылмады. Алайда Мексикада баланың еңбегін пайдалану мен бала саудасы заңмен жазаланады. Қазіргі таңда құлдықтан босаған балаларды ата-анасына қайтару жолдары қарастырылып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная