Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы Абу-Даби билігі туристерге COVID-19 вирусына қарсы тегін вакцина салдыруға рұқсат берді, деп жазады РИА Новости Абу-Дабиде медициналық қызмет көрсететін SEHA мемлекеттік компаниясының "сенім телефонына" сілтеме жасап, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Абу-Даби билігі берген визалары бар туристер және Абу-Дабиге келгеннен кейін әуежайда виза алуға құқығы бар елдердің азаматтары қалада бір айға қалса немесе қайта келетін болса, қытайлық Sinopharm немесе Pfizer/BioNTech компаниясының арнайы вакцина қосымшасы арқылы бір немесе екі дозаны алу үшін тегін вакциналауға жазыла алады", - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Компания вакцина салдуруға БАӘ-ден тыс жерде де, Абу-Дабиге келуді жоспарлау арқылы да жазылуға болатынын атап өтті. Бұл рұқсат БАӘ-нің басқа алты әмірлігінде, соның ішінде Дубайда қолданылмайды, тек Абу-Даби билігінен туристік виза алған туристер үшін ғана жарамды.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!