"TikTok үшін жұмыстан шығарылды" - қазіргі таңда бортсерікті қызметінен босату үшін осындай негіз айтылуы әбден мүмкін. Өйткені бортсеріктердің түрлі әлеуметтік желідегі белсенділігі ұшу мен жолаушылар қауіпсіздігіне қатер төндіреді екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Осы күндері Tiktok-та жоқ бортсерікті кездестіру қиын. Кейінгі кезде бұл үлкен қиындыққа айналды, бұған тосқауыл қоятын уақыт жетті. Бұл қауіпті, әсіресе адамдар әуекомпанияның сырын ашып жатса", - дейді бортсеріктердің бірі Sun Online Travel блогында.
Мәселен, жолаушылар лайнердегі "құпия орындар" туралы роликтерді көп көреді. Ал желіде бортсеріктер қайда және қашан демалатынын көрсететін роликтер көптеп кездеседі. "Егер адамдар ол жаққа қалай бару керегін біліп алса, бұл қиындық тудыруы мүмкін. Tiktok осындай ақпаратты қажет ететін, соның ішінде анық адекват емес адамддар үшін таптырмас ресурсқа айналды", - дейді ол.
Одан бөлек, жолаушылар үшін печеньені лақтырып жүргені, дәретханадағы жыныстық қатынас сияқты дүниелердің жария болуы әуе тасымалдаушысының имиджіне нұқсан келтіреді. Осыған байланысты кейбір әуе компаниялары мұндаймен күресе бастаған көрінеді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!