Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock

TikTok желісіндегі ең танымал туристік бағыттар аталды


TikTok әлеуметтік желісі біртіндеп туристік бағыттарды танымал етудің бір әдісіне айналып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі сізге осы әлеуметтік желіні пайдаланушыларына бүкіл әлем бойынша қандай жерлер ұнағанын айтып береді.

Refinery 29 порталының ақпаратына сәйкес, TikTok-та адам ең көп келетін қала - Нью-Йорк, 114 миллион рет қаралған. Нью-Йорктегі биік ғимараттардың пейзажын көбіне рэпер Jay-Z мен әнші Alicia Keys қаланың ашық әнұраны - "Empire State of Mind" әнімен сүйемелдейді.

@yerr1k Your Sign To Visit New-York ? #fyp #nyc #newyork #empirestateofmind ♬ Empire State Of Mind (Part II) Broken Down - Alicia Keys

Екінші орында - 106,5 миллион рет қаралған Сеул, одан кейін 62,7 миллион рет қаралған Дубай. Жалпы, TikTok-тағы ең танымал 10 қала мынадай:

1. Нью-Йорк, АҚШ - 114 миллион қаралды
2. Сеул, Оңтүстік Корея - 106,5 миллион қаралды
3. Дубай, БАӘ - 62,7 миллион қаралды
4. Джакарта, Индонезия - 37,1 миллион қаралды
5. Хошимин, Вьетнам - 32,6 миллион қаралды
6. Париж, Франция - 27,2 миллион қаралды
7. Буэнос-Айрес, Аргентина - 16,2 миллион қаралды
8. Токио, Жапония - 13,1 миллион қаралды
9. Богота, Колумбия - 12,4 миллион қаралды
10. Мельбурн, Австралия - 11 миллион қаралды
11-орында 10,4 миллион қаралым жинаған Лондон тұр.

Ал TikTok-та ең көп қаралатын ел - Жапония, 461,2 миллион рет қаралым жанады. Бұл Ресейге қарағанда 200 миллион рет көп қаралған, ол 246,6 миллион қаралым жинаған. Үшінші орында Мексика, 215,3 миллион рет қаралды.

@ngbonnet Come to japan #fypシ ♬ original sound - Ali Raj??

TikTok-та ең көп қаралатын 10 ел:

1. Жапония - 461,2 миллион қаралым
2. Ресей - 246,6 миллион қаралым
3. Мексика - 215,3 миллион қаралым
4. АҚШ - 146,3 миллион қаралым
5. Қытай - 110,1 миллион қаралым
6. Вьетнам - 107 миллион қаралым
7. Италия - 105,6 миллион қаралым
8. Таиланд - 95,1 миллион қаралым
9. Шотландия - 57,7 миллион қаралым
10. Колумбия - 55,8 миллион қаралым.

Айта кетейік, қазір коронавирус инфекциясынан вакциналаудың толық курсын алған қазақстандықтар вакцина паспорттары негізінде Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Грузия, Мысыр, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Оман және Таиландқа карантин шектеуінсіз (ПТР-тестін тапсырмай, өзін-өзі оқшаулаусыз) бара алады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Канар аралдарында жанартау туризмі жанданды: адам көп, орын жоқ Канар аралдарында жанартау туризмі жанданды: адам көп, орын жоқ
Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей әуе рейстері ашылады Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей әуе рейстері ашылады
Еңбек сіңірген ұшқыштар ең сенімді жолаушылар ұшағын атады Еңбек сіңірген ұшқыштар ең сенімді жолаушылар ұшағын атады