Skytrax World Airline Awards: Үздік әуекомпаниялар бестігіне ЕО елдері кіре алмады

Абырлойлы Skytrax World Airline Awards тұжырымы бойынша жасалған рейтингте әлемнің үздік деп танылған әуекомпания - Singapore Airlines болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Катарлық Qatar Airways және жапониялық ANA All Nippon Airways әуекомпаниялары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Emirates биыл төртінші орынды қанағат тұтты, ал Japan Airlines бесінші орынға көтерілді. Сауалнама жүргізілгенде 325 әуекомпания қамтылған, оның тең 100-і ғана рейтингке енген.

Еуропалық әуекомпаниялар бірінші бестікке енбеді, алайда Turkish airlines пен Air France алтыншы және жетінші орындарды өзара бөлісті.

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы үздік жүздікте 37-орынға табан тіреген. Сондай-ақ Air Astana Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания ретінде танылды.

Air Astana "Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания" ретінде Skytraх премиясын осымен 11-рет, ал "Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету" марапатын 2-рет иеленіп отыр. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Париждегі авиация шоуында өтті.

World Airline Awards премиясы авиация саласындағы басты марапат ретінде есептеледі және "авиациялық Оскардың" бейресми статусқа ие. Жыл сайын ұлыбританиялық Skytrax агенттігі әуекомпаниялар мен әуежайлардағы қызмет көрсетуді бағалап, рейтинг құрастырады. Негізінен әлем бойынша көңілі толған жолаушылардың пікірі басты назарға қойылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!