Ritz қонақүйінде туристің 370 миллион теңгелік сақинасы жоғалып, күтпеген жерден табылды

Малайзиядан келген бай турист демалыс күндері Парижге келіп, демалыстың алғашқы күнінде өте жағымсыз эмоцияларды бастан өткерді – оның құны 750 мың еуро (370 миллион теңгеден астам) тұратын сақинасы жоғалды. Ол оны сәнді Ritz қонақүйінің бөлмесіндегі тумбочкада қалдырған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі leРarisien сайтына сілтеме жасап.

Алдымен турист қонақүй басшылығына жүгінді, бірақ іздеу сәтсіз аяқталғаннан кейін полицияға арыз жазды. Екі күн ішінде қонақүйдің қауіпсіздік қызметі мен тәртіп сақшылары жоғалған зергерлік бұйымдарды мұқият іздеді. Ақыр соңында сақина шаңсорғыштың қалтасынан табылды.

Әкімшілік сақинаның жоғалуын ұрлықпен байланыстыруға болатынын жоққа шығарды. Алайда, зергерлік бұйымның иесі оның кездейсоқ шаң жинағышқа түскеніне онша сенбейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!