Еңбек демалысы - бұл тек жағымды әсер ғана емес, бұл достарыңызбен бөлісуге болатын тамаша естелік суреттер. Швейцариялық Altitude шаңғы мектебі Еуропаның қай тау шаңғысы курорттары Instagram желісінде танымал екенін зерттеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Travel Daily" басылымына сілтеме жасап.
Польшаның Закопане қаласындағы осылай аталатын тау шаңғысы курорты көшбасшы болып танылды. Instagram желісінде 1 439 744 тегтелген, осылайша ол танымал орындардың бірінші сатысына шықты. Тамаша түнгі жарық қараңғы түскеніне қарамастан кереметтей суреттердің шығуына себеп болған. Сонымен қатар қыс ертегісінің атмосферасы, тіл үйірер асханасы және бағаның төмен болуы курорттың беделін арттырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Церматт тау шаңғысы курорты екінші орында - 875 527 тег. Ол Швейцарияның бетке ұстар қысқы демалыс орны және Альп курорттарының ең үздіктерінің бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үздік үштікте атақты Куршавель. Беделді әрі еуропадағы ең қымбат еуропалық тау шаңғысы курорты 400 853 тег жинаған. Егер таңдаулы бай әрі танымал ортаға қосылғыңыз келсе, онда француздық Альпі сіздің құзіретіңізде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram қолданушыларының басқа да ең сүйікті еуропалық курорттарының тізімін ұсынамыз.
Цугшпитце (Германия) - 396 819
Вербье (Швейцария) - 364 471
Валь д’Изер (Франция) - 324 602
Кортина д’Ампеццо (Италия) - 295 238
Лех (Австрия) - 249 882
Гштаад (Швейцария) - 241 911
Ясна (Словакия) - 104 294
Санкт-Антон (Австрия) - 59 146
Зельден (Австрия) - 56 097
Винтерберг (Германия) - 2219
Ал сіз қандай тау шаңғысы курортына баруға кеңес берер едіңіз?