IATA туристер үшін ПТР-тестінен бас тартуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) мемлекеттерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)  ПТР-тест бойынша жақында жариялаған бастамасын қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) мемлекеттерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)  ПТР-тест бойынша жақында жариялаған бастамасын қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

IATA мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың 78 пайызы міндетті ПТР-тестілеу шығындарын үкімет көтеруі керек деп санайды. Сондай-ақ, респонденттердің 70 пайызы үшін тестілеу құны сапарға кедергі болып тұр десе, 86 пайызы саяхат үшін ПТР-тестін тапсыруға дайын.

"IATA коронавирусты тестілеуді халықаралық сапарларға арналған шекараны ашудың кілті ретінде қолдайды. Бірақ біздің қолдауымыз сөзсіз емес. Тестілеу баға жағынан қолжетімді және тәуекел деңгейіне сәйкес болуы керек. Әлемнің көптеген үкіметі мұны қамтамасыз ете алмайды. ПТР-тестілерінің құны әртүрлі елде түрлі болады, оның үстіне негізсіз, тестің нақты шығындарына айтарлықтай қатысы жоқ баға қойылған. Ең жақсы жағдайда ПТР-тесті қымбат, ең жаманы - бұл жай ғана бопсалау", - деді IATA бас директоры Вилли Уолш.

Сонымен қатар, IATA үнемді антиденелер сынағын қолдануға шақырады. Ұйымның мәліметінше, экспресс-тестердің жаңа түрі шамамен 10 доллар (4 257 теңге) тұрады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная