H2О су астындағы мейрамхана және бал айы. Мальдив аралдары несімен қызықтырады?

Кейінгі 5 жыл ішінде қазақстандық туристердің Мальдив аралдарына деген қызығушылығы арта түсті. "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының мәліметінше, осы бағытта сатылған жолдамалар саны 10 есе көбейген: 2019 жылы 451-ден 2023 жылы 4846-ға дейін. Tengritravel.kz You & Me Maldives бесжұлдызды resort-отелі, оның ерекше ұсыныстары және Мальдивтің қазақстандықтарды қай тұсымен қызықтыратыны жайлы баяндайды.

Су астындағы мейрамхана, яхтадағы круиз және жоғары сападағы дайвинг. You & Me Maldives отелінің қазақстандықтарға ұсынысы қандай?

"Қазақстандықтар жағажай демалысын ерекше жақсы көреді. Бірінші кезекте, олар бірегей, табиғаты көркем, коралл рифіне бай аралдарға назар салады. Сондай-ақ экскурсиялар мен дәмді мейрамханаларды ұнатады. Мальдив дәл осы сұранысқа сай орын. Қызмет көрсету деңгейі өте жоғары, табиғаты таңғажайып", - деді You & Me Maldives курортының менеджері Туан Джохара.

© Жания Әбдібек

Оның атап өтуінше, Қазақстаннан көбінде бал айын өткізу үшін жас жұбайлар келеді.

ТМД-дан келетін туристер үшін island host атты арнайы қызметкерлер бар. Олар орыс тілін жақсы біледі, кез келген мәселеңізді шешуге көмектеседі. Жалпы алғанда қонақтар аралда өзін жайлы сезінуі үшін 200-ден аса адам жұмыс істейді.

You & Me Maldives 2019 жылы ашылды, ал бір жылдан кейін пандемияға байланысты аралдағы барлық бизнес-процестер тоқтады. Бұл курорт тарихындағы ең қиын кезең еді деп еске алады Туан Джохара. Бірақ кезекті бір жылдан кейін жұмыс жанданып, қайта қонақтар келе бастады. Менеджердің сөзінше, пандемиядан кейін келген алғашқы қонақтардың арасында ТМД мен Қазақстан туристері бар еді.

"Екі жыл ішінде тез қалпымызға келдік. Ресей, Қазақстан және әлемнің басқа да елінен келетін қонақтарымыз көп болды. Біздің күткеніміздей, пандемиядан кейін келушілер саны 2 есе өсті", - деп атап өтеді Джохара.

Курорт жайлы. You & Me Maldives – Мальдив аралдарының солтүстігіндегі Раа атолласындағы жеке аралда орналасқан бесжұлдызды resort-отель. Бұл аралдың ерекшелігі – басқа курорттардан арақашықтық алыс. Сондықтан келушілерге Үнді мұхитының ортасында табиғат аясында демалып, ләззат алуына ешкім кедергі бола алмайды. Аралға дейін гидроұшақпен барасыз, Мале әуежайынан 45 минутта ұшып келуге болады.

Курорт тек ересектерге, отбасылық жұптарға, жас жұбайларға және достарымен бірге келген келушілерге арналған. Отель ұраны - Love is in the air ("Махаббат әуеде қалқиды"). Бұл команданың аралда махаббат атмосферасын ұйымдастырудағы құлшынысын толық бейнелейді. Романтикалық жағдайда бал айын, некелесу рәсімін, үйлену мерейтойын немесе жай ғана бірге демалыс өткізуге болады.

Отелде 109 номер бар, олардың тек 10-ы ғана аралдың өзінде орналасқан. Ал басқалары – су виллалары. Қонақтар үшін номерлердің 7 санаты бар. Күн шығуын не күн батысын тамашалайтын вилланы, бассейні бар не бассейні жоқ вилланы немесе су төбешіктері, жеке жаттығу залы бар виллалардың бірін таңдауға болады. Барлық номерлер рустик стилінде, жиһазы табиғи ағаштан, шебердің қолынан шыққан.

© Жания Әбдібек

You & Me Maldives resort-отелі қазақстандықтарды несімен қызықтырады? Отелдің басты артықшылығы - H2O су асты мейрамханасы. Оны Анжреа Бертон есімді италиялық шеф-аспаз басқарады. Бертон мейрамханалары осыған дейін бірнеше рет Michelin жұлдызын иеленген. Мейрамхана 6 метр тереңдікте су астында орналасқан, жан-жағын коралл рифтері қоршайды. Келушілер түскі не кешкі ас кезінде шыны қабырғалардың ар жағынан Мальдивтің су астындағы бай өмірін тамашалай алады.

"You & Me Maldives отелімен серіктес болғаныма курорт ұсынатын қызмет деңгейі үшін ғана емес, H20 мейрамханасының ерекше бейнесі үшін де ризамын. Ол әлемдегі санаулы және Раа атолласындағы жалғыз су асты мейрамханасы", - деп атап өтті Андреа Бертон.

© Жания Әбдібек

Қонақтар үшін a la carte жүйесінде (отелге келушілер мәзірдегі кез келген асқа тегін тапсырыс бере алатын қызмет көрсету форматы) әртүрлі елдердің асханасындағы тағамдарды ұсынатын тағы 4 мейрамхана жұмыс істейді. Брондау кезінде туристерге төрт пакет қолжетімді: full board (ішіне таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және су мен газдалған сусындар кіреді), half board ( кешкі ас пен таңғы ас бар, сусындар кірмейді ), all inclusive (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және бардағы алкогольді сусындар), all inclusive extreme (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және кеңейтілген бар мәзірі).

Аралда немен айналысуға болады? Мейрамханалардан бөлек арал аумағында кәсіби инструкторлары бар дайвинг-орталық жұмыс істейді. Раа атолласында дайвингке арналған табиғаты бай орындар көп. Айналасында скат, тасбақа, наполеон-балық, дельфин және сұр риф акулалары жүреді.

You & Me Maldives инструкторлары қонақтарды дайвингке үйретіп, SSI сертификатын ұсынады. Жаңа бастаушыдан бастап кәсіпқойға дейінгі барлық курс түрлері бар.

© Жания Әбдібек

Дайвингтен бөлек снорклинг, серфинг, балық аулауға барып, гидроциклге, каякка мінуге немесе яхтаны жалға алуға болады. Отель қонақтары сап, қайық, ласт және бетпердені тегін пайдаланады. Арал аумағында спа-орталық, жаттығу залы, бассейн, волейбол және мини-футбол алаңы бар. Йога, пилатес және биден сабақ өтеді.

The Cocoon Collection жайлы. You & Me Maldives курорты италиялық The Cocoon Collection отелдер тобының құрамына кіреді. Компанияда Мальдивтен бөлек Joy Island және Cocoon Maldives бар. Топтамада Gold Zanzibar және Занзибардағы The Island Pongwe, Шри-Ланкадағы Aditya Resort атты отельдер де бар. 2024 жылы Занзибардың жекеменшік аралдарында тағы 2 отель ашу жоспарланған.

The Cocoon Collection белсенді түрде әлеуметтік жобаларды да іске асырады. 2016 жылы Занзибарда балалардың білім беру деңгейін дамытуға көмектесетін София Луна Аццола атындағы қор ашылды. The Cocoon Collection қонақтары да бұл бағытқа өз үлесін қоса алады. Отель келушілері, серіктестер және қызметкерлер қолдауы арқылы қор Занзибарда екі балабақша және екі мектеп салды. Сондай-ақ компания Мальдивтен "Кокон" қорын да ашты. Оның басты мақсаты – қонақ күту саласында жұмыс істегісі келген жастарға қолдау көрсету. Қор студенттердің оқу шығынын төлеп, болашақта өз отелдеріне жұмысқа алады.

© Жания Әбдібек

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!