Google "Жыл іздеуі" атауымен жиі сұралған сұраныстар рейтингін ұсынды. Тізім бірнеше санатқа (адамдарға, орындарға және жағдайларға) бөлінген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Гуглде көп ізделген мұражай - париждік Лувр болды, екінші орында Лондондағы Ұлыбританиялық мұражай, үшінші орын - Орсе мұражайына бұйырды.
Бір таңғаларлығы тізімнің үздің бестігіне америкалық мұражайлар енбей қалған.
Әлемдегі ең үздік мұражайлар ондығы:
Лувр, Париж
Британиялық мұражай, Лондон
Орсе мұражайы, Париж
Табиғии тарихи мұражай, Лондон
TeamLab Planets, Токио
Рейксмузеум, Амстердам
Прадо ұлттық мұражайы, Мадрид
Ван Гог мұражайы, Амстердам
Америкалық табиғи тарихи мұражай , Нью-Йорк
Анна Франк үйі, Амстердам.
Google-де көп ізделген саябақтар:
Барселондағы Гуэль саябағы
Нью Йорктегі орталық саябақ
Лондондағы гайд-парк
Мадридтегі парк дель Ретиро
Римдегі Вилла Боргезе
Толық тізімді мына сілтеме бойынша көре аласыздар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!