Emirates және Etihad Airways "антиковидтік төлқұжатты" тестілеуден өткізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Emirates және Etihad Airways әуекомпаниялары өз әуерейстерінде ПТР-тест және жолаушылардың вакцина салдырғаны туралы ақпаратты жинақтайтын сандық төлқұжат - Travel Pass платформасын енгізбек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Emirates.com басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Emirates және Etihad Airways әуекомпаниялары өз әуерейстерінде ПТР-тест және жолаушылардың вакцина салдырғаны туралы ақпаратты жинақтайтын сандық төлқұжат - Travel Pass платформасын енгізбек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Emirates.com басылымына сілтеме жасап.

Travel Pass платформасын IATA құрастырған. Бұл қосымша вакцинация және ПТР-тест туралы ақпаратты, сондай-ақ саяхаттауға арналған құжаттарды сақтайды. Мұны енгізудің бірінші фазасы 2021 жылы сәуірде басталады. Дубайдан ұшып шығатын жолаушылар өзі туралы мәліметті тікелей Emirates әуекомпаниясына қосымша арқылы жібере алады, сосын бұл ақпарат тіркеу пунктіне жіберіледі. 

Ал Etihad болса, әуекомпания мобильді қосымшаны 2021 жылдың бірінші тоқсанында Абу-Дабидің бөлек рейстерінде қолданады. Сәтін салып жатса, онда Travel Pass қызметі Etihad Airways-тың басқа да аймақтарына тарала бастайды. 

Әуекомпаниялар мен IATA мәліметінше, Travel Pass қосымшасында жолаушыларға қойылатын барлық талаптар болады екен. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная