COVID-19 вакцинасын салмаған жолаушы бортқа жіберілмейді - Аустралиялық әуекомпания

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Аустралиялық ірі әуекомпания (Qantas) халықаралық рейстерге шығатын жолаушыларға қойылатын талаптар тізіміне COVID-19 вакцинациасы туралы анықтаманы да қосады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Standard басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Аустралиялық ірі әуекомпания (Qantas) халықаралық рейстерге шығатын жолаушыларға қойылатын талаптар тізіміне COVID-19 вакцинациасы туралы анықтаманы да қосады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Standard басылымына сілтеме жасап. 

Qantas әуекомпаниясының бас директоры Алан Джойс Nine A телеарнасында сөз сөйлеген кезде вакцина барлық жерде қолжетімді болған кезде, жолаушылар екпе салуға міндеттеледі. 

"Біздің ойымызша, біздің елге келетін қонақтар үшін және елден кетіп жатқандар үшін бұл өте қажет", - деді Джойс. 

Сонымен қатар, компания ұшу үшін қойылатын талаптар тізіміне электронды екпе құжатын енгізуді қарастырып жатыр екен.

Qantas басшысы мұндай шарттарды ішкі рейстерге де енгізуді қарастыратынын айтты. 

"Менің ойымша, бұл әлем бойынша басқа да әуекомпаниядағы әріптестеріміз үшін қарапайым рәсім болады", - деді ол. 

Айта кетейік, соңғы кездері коронавирусқа қарсы бірқатар вакциналардың дамуына үміт беретін нәтижелер пайда болды: таяуда AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы олардың вакциналарын сынау тиімділіктің 90 пайызын көрсетті деп мәлімдеді. Бұған дейін басқа әзірлеушілер вакциналарды талдауын жариялады - 95 пайыз америкалық Pfizer және неміс Biotech, Moderna - 94,5 пайыз, ал ресейлік "Спутник V" тиімділігі - 92 пайыз.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная