COVID-19: Англияда үшінші ұлттық локдаун енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус пандемиясына байланысты Англияда үшінші ұлттық локдаун енгізілгенін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус пандемиясына байланысты Англияда үшінші ұлттық локдаун енгізілгенін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

"Вирустың жаңа түрі қорқынышты жылдамдықпен тарап жатыр... үшінші ұлттық локдаун қажет екені анық", - деді премьер-министр телефон арқылы сөйлеген сөзінде.

Дереккөз мәліметінше, сейсенбіден бастап ағылшын мектептері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді, тек негізгі мамандық өкілдерінің балалары (дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, курьерлер, сатушылар және т.б.) мектептерге бара алады. Аймақ тұрғындарына тек серуендеуге, дәрігерге, дүкенге баруға рұқсат етіледі.

Коронавирустың мутацияланған түрі Грузияда анықталды

Премьер-министрдің айтуынша, локдаунның аяқталу мерзімі инфекцияның таралу қарқынына байланысты.

Еске салайық, дүйсенбіде Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны пандемия басталғалы рекорд көрсеткіш орнатты - 58 784 науқас тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная