Ұлыбританияның ең ірі әуекомпаниясы British Airways персоналдың жетіспеушілігіне байланысты тамыздан қазанның соңына дейін тағы 10 300 рейсті тоқтатты. Бұл миллионнан астам саяхатшылардың жоспарларын бұзады, - деп хабарлайды Independent.
"Барлық авиация саласы күрделі проблемаларға тап болып отыр. Үкімет осы жазда әуежайлардағы ықтимал үзілістерді азайту үшін жеңілдету шараларын қабылдауға шешім қабылдады. Рейстерді тоқтату жөніндегі бұдан әрі іс-қимылдар біз қалағандай болмаса да, бұл - біздің клиенттеріміз бен әріптестеріміз үшін дұрыс шешім", - деп басылым British Airways өкілінің сөзін келтірді.
Тасымалдаушы пандемиядан кейін персонал жетіспеушілігінен ең көп зардап шеккендердің қатарында болды. Бұл жұмыста үлкен үзілістерге алып келді және демалушылардың да наразылығын туғызды.
Басылымның хабарлауынша, жазғы маусымда British Airways шамамен 30 000 рейсті тоқтатты. Негізінен, Лондонның Хитроу, Гатвик және Лондон-Сити әуежайларында орын алды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!