Booking.com Ресейде жұмысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Booking.com жаһандық орналасу мекемелерін брондау сервисі ресейлік нысандарда орналасу қызметін тоқтататын жариялады. Бүкіл ресейлік нысандар сервистің іздеу алаңынан алынып тасталған. 


Иконка комментария блок соц сети

Booking.com жаһандық орналасу мекемелерін брондау сервисі ресейлік нысандарда орналасу қызметін тоқтататын жариялады. Бүкіл ресейлік нысандар сервистің іздеу алаңынан алынып тасталған. 

Алайда шетелдік нысандарды Ресейден отырып брондауға мүмкіндік бар. 

"Нидерланды еліне тиесілі Booking.com компаниясы Ресейде туристік қызмет көрсету мүмкіндіктерін тоқтатуға мәжбүр, өйткені бұл елде кәсіпті дөңгелету қиындықтары өсіп жатыр", - делінген компанияның мәлімдемесінде. 

Мамандардың айтуынша, бірінші кезекте, Booking.com компаниясының бұл шешімі кішігірім орналасу мекемелерінің жұмысына айтарлықтай әсер етеді, олар: қонақүйлер, хостелдер және бутик-қонақүйлер. Бұл олар үшін сатудың жалғыз жолы еді. Бір жағынан, бұл туроператорлармен одақтасуға алып келуі мүмкін, сондай-ақ олар өз каналдарын ашуы да ғажап емес. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная