Air Astana Тель-Авивтен қазақстандықтарды алып кету үшін рейс орындайды

Air Astana әуекомпаниясы Израильге Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша бір рейс орындауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы-Тель – Авив-Алматы бағыты бойынша КС–6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.

Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтіледі. Барлық сұрақтар бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің мәліметінше қазіргі уақытта Израильде еліміздің 400-ден аса азаматы бар. Олар консулдық тіркеуінде жоқ.

"Эйр Астана" мәліметінше, Израильдегі жағдай шиеленіскен жағдайда рейстер орындалмауы мүмкін.

Айта кетейік, 7 қазанда Израиль қалаларына Газа секторынан зымыран атқылады. Болжаммен екі мыңнан аса зымыран атылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!