Accor және Rixos Мысырда алып қонақүй ашты

Мысырда алып қонақүйді екі ірі қонақүй тобы – Accor және Rixos ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мысыр баспасөзінің мәліметінше, әлемдегі ең ірі қонақүйлер тізбегі топтарының бірі болып саналатын Accor тобы курорттық қонақүйлерді басқару мақсатында әзірленген "Барлығы қосылған топтама" демеушілігімен жаңа курорттық қонақүйлерді ашуды жалғастыруда. Бұған Rixos қонақүйі де кіреді.

"Компания Мысырдың Шарм-эль-Шейх курортында өзінің алғашқы "Swissotel" люкс қонақүйін ашуға дайындалып жатыр", - деп хабарлады БАҚ.

Бұрын басқа атаумен жұмыс істеген 1350 бөлмелі алып қонақүй жөндеуден өтіп, Swissotel-ге айналды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!