9 жасар қызға сексуалдық сипаттағы сурет көрсеткен турист сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Францияда ұлыбританиялық турист тоғыз жасар қызға сексуалдық сипаттағы суреттер көрсеткен. Оны біліп қойған қыздың әкесі туристі соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Le Parisien басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Францияда ұлыбританиялық турист тоғыз жасар қызға сексуалдық сипаттағы суреттер көрсеткен. Оны біліп қойған қыздың әкесі туристі соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сәйкес аталмыш оқиға қаңтар айының соңында париждік Диснейлендке баратын автобуста болған. Ер адам қызға жыныстық мүшесінің суретін көрсеткен. Кейін қыз әкесіне бәрін айтып берген. Ол ашуланып кетіп ұлыбританиялықтың бетінен ұрып, көзілдірігін сындырып жіберген. Полиция келген кезде турист телефонындағы видео мен суреттерді өшіруге әрекет жасады, бірақ үлгермеген.

Турист бүлдіршін қарай беріп, мазасын қашырған соң осындай кадрларды көрсетуге шешім қабылдағанын айтып ақталды. Полицейлер тінту барысында оның қонақүй бөлмесінен балалардың қатысуымен порнографиялық материалдары бар ноутбукты тапты.

Салдарынан ер адам 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қоса қыздың әкесіне моральдық залал келтіргені үшін 2 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұдан бөлек қаскөй жыныстық қылмыс жасаған адамдардың тізіміне де енгізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная