8 миллиард доллар тапса да метромен жүреді: дьюти-фриді ашқан кім?

Duty Free кез келген әуежайдың ажырамас бөлігіндей болып кетті, ол азаматтық авиация шыққалы бері бар шығар. Алайда бұл ұшақтарға еш қатысы жоқ бір ғана адамның ғана ойлап тапқаны, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Duty Free Shops немесе баж салығынсыз сауданың бастауында Чарльз Фини тұрды - бизнес тапқырлығы бар және филантроп, өз табысының бәрін қайрымдылыққа жұмсапты.

Болашақ миллиардер 1931 жылы 23 сәуірінде Элизабет атты қалашықта, Ирландиядан келген иммигранттар үйінде дүниеге келген. Оның балалық шағы Ұлы депрессия заманына дәл келгендіктен оны бақытты балалық шақ деуге де келмейді: ата-анасына қалайда бір септігін тигізу үшін ерте жасынан жұмысқа кірісті.

Мектеп бітіргеннен кейін Чарльз әскерге кетіп, төрт жыл Корей соғысында болды. Әскерде жиған-тергенін Корнелл университеті жанындағы колледжде қонақүй бизнесі мамандығын игеруге жұмсады.

DFS, немесе салықсыз сауда жасау

1950 жылы кәсіпкер білімін жалғастыру үшін Францияға жол тарады. Шетелде ақша жетпегендіктен ол өз ісін ашады - америкалық теңізшілерге акцизсіз ішімдік сатады.

Кейін өз ісіне досы Роберт Миллерді тартып, 1960 жылы DFS - Duty Free Shoppers фирмасын ашады. Бірінші дүкен Гонконгта ашылады, кейін Еуропа мен Америкада да пайда болады.

Бұл қарапайым, бірақ керемет идея болды: сауда нейтралды аймақта, шекарадан өтетін орында жүргізілді. Ал ондай жер ешбір елге тиісті емес болғандықтан, салықты да төлемеді.

Әуежайлардағы дүкендер

DFS ісі өрге домалап, 1976 жылы фирма Мариан архипелагындағы Сайпан аралында әуежай салуға 5 миллион доллар бөледі. Онда ашылған дүкен шығынды артығымен өтейді.

Байлықсыз миллиардер

1980 жылдары Forbes бизнесменді жылдық табысы 300 миллион доллар деп, бірнеше рет әлемдегі ең бай адамдар тізіміне қосады. Алайда бұл қателік еді. Чарльз компаниясының 39 пайыз бөлігін жасырын түрде Atlantic Philanthropies қайрымдылық қорына береді. Ол DFS компаниясын басқара берді, алайда түсім өзіне тиген жоқ. Ақшаның бәрі денсаулық сақтау, білім беру мен құқықтық қорғауға жұмсалды.

Ол қайырымдылыққа да бизнестегідей ақша бөлді, егер бір қайрымдылықтан адамдарға ешқандай пайдасы болмаса, оны қаржыландыру бірден тоқтатылып отырды.

© The Atlantic Philanthropies

1997 жылы Чарльз қалған активтерін толықтай LVMH (Louis Vuitton Moët Hennessy) корпарациясына сатпақ болғанда, дау туды. Оның серіктесі Боб Миллер сотқа жүгініп, келісімді тоқтатпақ болады. Алайда осы кезде Финиге ештеңе де тиесілі болмағаны анықталады.

Atlantic Philanthropies қоры 2020 жылға дейін жұмыс істеді: Чарльз Фини бар мүлкін 8 миллиард долларды 40 жылда қайырымдылыққа жұмсапты. Тек зейнет жасында қысылмас үшін ғана 2 миллион доллар ғана алып қалған.

Қазір ол Сан-Францискода жалдамалы пәтерде тұрады және метромен жүреді екен. Duty Free Shop желісі әлемнің 11 елінде жұмыс істейді және 400 сауда дүкені бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!