5 миллион теңгеге дейін: Анталия жағажайларында не үшін айыппұл салынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Танымал курорттық аймақта жағажайға қатысты қатаң ережелер енгізілді. Осылайша, Анталияның үш жағажайында тәртіп бұзғандар 5 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Түркия билігі неге мұндай шараға барды? Yeni Alanya басылымы жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Танымал курорттық аймақта жағажайға қатысты қатаң ережелер енгізілді. Осылайша, Анталияның үш жағажайында тәртіп бұзғандар 5 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Түркия билігі неге мұндай шараға барды? Yeni Alanya басылымы жазды.

Ичузу, Патара және Чирали жағажайларына кешкі сағат 20:00-ден таңғы 8-ге дейін баруға тыйым салынған. Себебі мамырдан қыркүйекке дейін жағалауға жұмыртқалайтын теңіз тасбақалары ұя салуды бастайды. Түрік үкіметі теңіз жануарларын қорғау және олардың популяциясын сақтау үшін осындай шараларды қабылдаған. Бұл кезеңде, БАҚ мәліметінше, тасбақалар жұмыртқа салу үшін жағаға шығады, содан кейін аман қалуға қабілетті кішкентай тасбақалар теңізге қарай бет алады.

Демалушыларға көлікпен жағажай аймағына кіруге, от жағуға және шатыр тігуге тыйым салынады. Мұның бәрі тасбақаларды қорқытады және жұмыртқалауына әсер етеді.

Фото:pexels.com

Түркияда тасбақалар жұмыртқалайтын шамамен 20 жағажай бар. Тәртіпті бұзғаны үшін туристер мен тұрғындарға 5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

Айта кетейік, жағажайларда ескерту белгілері бар. Түрік ақпарат құралдары мәліметінше, жағажайға сағат 20:00-ден 8:00-ге дейін кіруге тыйым салатын ереже былтыр тек бір жағажайда 30 мың тасбақаның өмірін сақтап қалған. Биыл бұл ереже тағы екі жерде енгізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная