28 миллион теңгенің қателігі: бортсерік алғашқы жұмыс күні рейстен қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© www.youtube.com/@BritishAirways © www.youtube.com/@BritishAirways

British Airways әуекомпаниясында алғашқы күнінде қателік жіберген бортсерік 50 мың фунт стерлинг (28,5 миллион теңге) шығын келтірді, - деп хабарлайды ladbible.


Иконка комментария блок соц сети

British Airways әуекомпаниясында алғашқы күнінде қателік жіберген бортсерік 50 мың фунт стерлинг (28,5 миллион теңге) шығын келтірді, - деп хабарлайды ladbible.

Boeing 777 ұшағында алғашқы рейсінде ұшқан ер адам ұшақ жерде тұрғанда апатты жағдайда ашылатын есікті ашып жіберген. Соның салдарынан үрлемелі трап ашылып кеткен. Бұл бір реттік жүйе болғандықтан, жолаушыларды басқа лайнерге ауыстыруға тура келген.

Осы жағдайға байланысты рейс төрт сағатқа кешіккен, ұшаққа жедел әрекет ету қызметтері барған, олар трапты жинаған. Әуекомпанияның қызметкерін жұмыстан босатқан.

"Біз клиенттерден ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрадық, оларға тағамға ваучер ұсынып, ұшақты ауыстырдық. Олар ары қарай саяхаттауын жалғастырады", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Экипаж мүшесінің әрекетінен болған залал мөлшері - 50 000 фунт стерлинг (28,5 миллион теңге).

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная