2024 жылдың "ақылды" туризм астанасы аталды

Еурокомиссия шешімі бойынша 2024 жылдың "ақылды" туризм астанасы Дублин қаласы болды. Қаланың қарқынды дамуы, қолжетімділігі, цифрландыру және мәдени мұраның дамуы ерекше аталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі SchengenVisaInfo порталына сілтеме жасап.

"Ақылды" туризм саланы барынша инновациялық етуге тырысады, сондай-ақ ол туристерге дербес әрі жағымды тәжірибе қалдыруға мүдделі. 2019 жылдан бері ЕО-да "ақылды" туризм астанасы атағын Хельсинки, Лион, Малага, Гетеборг қалалары иеленген.

Италиялық Гроссето қаласы еуропалық "жасыл" туризм атағын иемденді.

Жеңімпаз-қалалар "ақылды" желісіне және Еуропаның тұрақты туристік бағыттарына кіреді. Сонымен қатар оларға ЕО тарапынан қаржылай және ақпараттық қолдау көрсетіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!