Катар 2022 жылы әлемдегі ең қауіпсіз саяхат елі деп аталды. Бұған әртүрлі мемлекеттің қылмыс статистикасын салыстыратын Numbeo аналитикалық қызметінің мәліметтері дәлел бола алады. Толық есеп ұйымның ресми сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Есепке сәйкес, Катардағы қылмыс индексі бар-жоғы 13,7 ұпай, ал қауіпсіздік индексі 86,2 ұпай. Рейтингте екінші орында көшбасшыдан аздаған айырмашылықпен Біріккен Араб Әмірліктері болды. Елдегі қауіпсіздік деңгейі 84,8 ұпайға бағаланды. Үшінші және төртінші орында Тайвань (84,1 ұпай) және Мэн аралы (81,3 ұпай).
Сондай-ақ, сапар үшін ең қолайлы елдердің қатарында Оман (80 ұпай), Швейцария (78,3 ұпай), Гонконг (78 ұпай), Жапония (77,8 ұпай), Армения (77,8 ұпай) және Словения (77,3 ұпай) бар.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!