2022 жылы бағасы қолайлы қонақүйлері бар үш ел аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тунис. Фото: pixabay.com Тунис. Фото: pixabay.com

Түркия, Мысыр және Тунис Жерорта теңізі аймағындағы ең арзан қонақүйлер рейтингінің алғашқы үштігін сенімді түрде сақтайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия, Мысыр және Тунис Жерорта теңізі аймағындағы ең арзан қонақүйлер рейтингінің алғашқы үштігін сенімді түрде сақтайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Түркия бес жұлдызды қонақүйлердің бағасы шамамен 10 пайызға төмендеген жалғыз ел болды. Мұндай деректерді испанияяық Mabrian деректерді талдау компаниясы жүргізген зерттеу көрсетті.

Зерттеуге сәйкес, Түркияда 2019 жылдан бастап 4* қонақүйлердің бағасы 8.7 пайызға өсті - орташа есеппен 100 еуроға дейін, ал 5* қонақүйлер 9.9 пайызға төмендеді, сәйкесінше 154 еуро болды. Екі жағдайда да Түркия ең арзан қонақүйлері бар ел ретінде бірінші орында.

Онымен бірге Тунис тұр, онда бағаның өсуі сәйкесінше 28.3 пайыз және 26.6 пайызға жоғары болды. Бағалар 118 және 162 еуроны құрады. Үшінші орында - Мысыр. Бұл елде баға айтарлықтай өсті. Қазір 124 еуро тұратын 4* қонақүйлер 40.9 пайыз және 5* қонақүйлер 48.3 пайыз қымбаттаған .

Рейтингтің тағы бір бөлігінде қымбат қонақүйлерімен еуропалық нарықтың дәстүрлі сүйіктілері - Грекия, Италия және Франция тұр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная