2022 жыл үшін әуе саласы үшін "Күйзеліс жылы" деп аталған, алайда үздік әуекомпаниялар үшін айтарлықтай "тосын сый" жасаған жоқ. Бірінші орынға 1999 жылдан бері жеті рет үздік атанған Qatar Airways шықты. Бұл Skytrax World Airline Awards 2022 рейтингінің нәтижесі.
Ұлыбританияда орналасқан Skytrax ұйымы әуекомпаниялар мен әуежайлардың рейтингін шығару үшін сайтта 2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың тамыз айларының аралығында 100-ден аса елдегі 14 миллион клиенттен сауалнама алған. Екінші және үшінші орындарды Singapore Airlines және Emirates әуекомпаниялары өзара бөлісті. Бұл компаниялар жыл сайын үздіктер қатарына енеді.
© pixabay
Skytrax нұсқасы бойынша әлемнің үздік әуекомпаниялар тізімі мынадай:
1. Qatar Airways
2. Singapore Airlines
3. Emirates
4. ANA (All Nippon Airways)
5. Qantas Airways
6. Japan Airlines
7. Turkish Airlines
8. Air France
9. Korean Air
10. Swiss International Air Lines
11. British Airways
12. Etihad Airways
13. China Southern Airlines
14. Hainan Airlines
15. Lufthansa
16. Cathay Pacific
17. KLM
18. EVA Air
19. Virgin Atlantic
20. Vistara
Айта кетейік, бұл рейтингте қазақстандық Air Astana компаниясы үздік 100-дікке енген. Отандық әуекомпания былтырғы нәтижесін жақсартып, бес саты көтеріліп, 38 орынға көтерілді. Ал 2019 жылы "Эйр Астана" 51 орынды қанағат еткен. Сондай-ақ, отандық әуекомпания Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуекомпания атанды. Air Astana Skytrax беделді сыйлығын осымен оныншы рет иеленді, бірақ бұл жолы "Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуекомпания" аталымы бойынша, сонымен бірге алғаш рет "Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік қызмет көрсету" марапатына қол жеткізді.