2021 жылы әлемдік туризмді қалпына келтірудің 5 факторы аталды

Сарапшылар 2021 жылы туристердің оптимистік көңіл-күйде болуының бес негізгі себебін атады. Талдауды Wego.com платформасы ұсынды, оның өкілдері ең өзекті туристік ақпараттарды және жетекші сарапшылардың соңғы болжамдарын зерттей отырып, мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Travel Daily Media редакторы Мега Пол саяхат әрқашан тәуекелдермен және стресстермен байланысты болғанын атап өтті: бөтен тілде сөйлейтін таныс емес елге бару, жаңа ережелер, заңдар және жаңа орта - мұндай жағдайда туристер үшін әрқашан оптимизм қажет болды.

Мәселен, бірінші себеп - вакцина сынақтың соңғы сатысында. Көп елдер вакциналарының тиімділігін растауда. Вакцинация мәселесінде көптеген қиындықтар болғанына қарамастан, бір нәрсе айқын: біз бұл мәселені шешуге жақын қалдық.

Екінші себеп - экспресс тестілер барлық жерде бар және олардың нәтижесі нақты. ПТР әлі күнге дейін міндетті болып табылатынына қарамастан, антидене сынағы туристерді карантиннен және аз шығындалып, нәтижесін ұзақ күтуден сақтайды.

Цифрлы вакцинация паспортының пайда болуы - үшінші себеп. Әуекомпаниялары мен биліктің сынақтар мен вакцинацияларға деген жоғары талаптарының нәтижесінде вакциналар мен туристерге арналған сынақтар туралы мәліметтер базасы құрылды. Дайындаушылар қазірдің өзінде COVID-19 туралы мәліметтерді жылдам сақтауға, өңдеуге, оны тек шекара өкілдеріне ғана емес, қонақүйлерге, мейрамханаларға және біз барғымыз келетін басқа да жерлерге жіберуге мүмкіндік беретін қызметін қосу үшін жұмыс істеп жатыр.

Төртіншіден, туристік агенттіктер саяхат үшін ең қолайлы жағдай жасайды. Коронавирус әзірге ешқайда кетпейтінін ескере отырып, туристік компаниялар саяхат қауіпсіздігін барынша күшейтуге қаражат бөліп жатыр. Саяхатшылар осындай жағдайда тек операторларға бұрынғыдан да зор сенім артуға мәжбүр.

Мега Пол бесінші себебін туристердің жауапкершілігінің артуымен байланыстырады. Қазіргі жағдай біздің саяхат мәселесіне егжей-тегжейлі көңіл бөлуімізді талап етті: енді әрбір турист қауіптің бар екенін біледі, сақтандыру мен қолайлы жағдайға барынша мән береді, табиғатқа және жергілікті тұрғындарға зор құрметпен қарайды. Автор енді саяхат әдеттегі құбылыс ретінде емес, артықшылық деп түсіну қажеттігін алға тартады.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.