Ыстамбұлдағы халықаралық әуежай 2020 жылдың қорытындысы бойынша жолаушыларды ең көп қабылдаған екен, - деп хабарлайды Bloomberg.
Екінші орында - Париждегі Руасси - Шарль-де-Голль әуежайы, үшінші орында - лондондық Хитроу әуежайы. Бірінші бестікке амстердамдық Схипхол әуеайлағы және мәскеулік Шереметьево терминалы кірген.
Агенттік мәліметінше, Хитроу бірінші орыннан үшіншіге бірақ түскен, себебі 2020 жылы жолаушыларағыны 73 пайызға төмендеген. 2019 жылы әуежайдың қызметін 81 миллион адам қолданған, ал былтыр - тек 22,1 миллион адам. Бұл әрине коронавирус пандемиясына байланысты. Сондай-ақ, Ұлыбритания аумағында инфекцияның жаңа штамы пайда болуы да кері әсерін берді.