Өткен жылы әуе рейстерінің саны 2003 жылғы деңгейге оралды, жолаушылардың жалпы саны 2019 жылмен салыстырғанда 60 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мәліметтері бойынша 2019 жылы жалпы жолаушылар саны 4,5 миллиард адамды құрады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш екі есеге азайды: тек 1,8 миллиард жолаушы ұшқан екен. Әуе тасымалдаушыларының қаржылық шығыны, сарапшылардың бағалауы бойынша 370 миллиард долларды құрайды. Әуежайлар 115 миллиард, аэронавигациялық қызметтерді жеткізушілер (ANSPs) 13 миллиард доллар табыстан айырылған. Жазда жолаушылар ағыны қалпына келе бастады, бірақ күзде бірқатар елдер коронавирустың екінші толқынына тап болып, шектеулер енгізді.
ICAO атап өткендей, коронавирусқа қатысты жағдай азды-көпті тұрақталғаннан кейін, елдерде ішкі рейстер қалпына келе бастады. Бұл әсіресе Қытай мен Ресейде көбірек байқалады. Онда ішкі жолаушылар тасымалы пандемияға дейінгі деңгейге қайтып оралды.