20 жастағы турист қыз танымал курортта зорланды

Грекияның Родос аралында елдің жағасын ұстатқан оқиға болды. 20 жастағы бұрымдыны WhatsApp арқылы танысқан ер адам тура теңіз ортасында зорлаған екен. Daily Mail мәліметінше, оқиға өткен сенбіде болған, ал күдікті жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болған деп отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

20 жастағы ұлыбританиялық қыздың сөзінше, оны 23 жастағы албаниялық жігіт Глистра жағажайында суға түсуге барғанда зорлаған. Осыған дейін олар екі апта бұрын WhatsApp арқылы танысып, әлеуметтік желіде ғана сөйлесіп жүрген. Ер адам оны шомылайық деп суға кіре салған бетте зорлаған көрінеді. Одан кейін ұлыбританиялық қызды жағажайға шығып киімдерін жинап, өзін қонақүйге жеткізіп таста деп жалынған. Ал қонақүйге келгенде албаниялық жігіт оны қайта зорламақ болған, дегенмен бұл жолы турист қашып үлгерген. Осыдан кейін ол бірден полицияға хабар берген.

Полицияға жеткізілген албаниялық басқаша айтып отыр: жағажайда кездескеннен кейін екеуі мейрамханада тамақтанып, бұрымды тоқтаған қонақүйге серуендеп барған-мыс.

Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр, егер албаниялықтың кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Әзірге тергеу аяқталғанша оған Грекиядан шығуға рұқсат жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!