18 жастағы жігіт дүние жүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Travis Ludlow/Facebook Фото: Travis Ludlow/Facebook

Ұлыбританияның 18 жастағы тұрғыны Трэвис Лудлоу бір моторлы ұшақпен дүние жүзіне саяхаттап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы BBC News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияның 18 жастағы тұрғыны Трэвис Лудлоу бір моторлы ұшақпен дүние жүзіне саяхаттап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы BBC News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Лудлоу - енді жер шарын 44 күнде айналып өткен ең жас ұшқыш. Алдыңғы рекордшы одан 13 күн үлкен болған. Ұлыбританиялық ұшақпен 40 мың шақырымнан аса жол жүріп, саяхатын Нидерландыда аяқтады.

Жас жігіт әуе кемесін басқаруға күн сайын сегіз сағат жұмсап, тәулігіне бір жарым мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүрген. Луюдлоудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Басылым мәліметінше, рекорд орнатқан жігіт 13 елде - Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Канада, Гренландия, Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Марокко, Франция және Бельгияда тоқтаған.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная