17 жастағы қыз әткеншектен ұшып кетіп, қайтыс болды

Ресейдің Орел қаласында саябақта орнатылған "Орбита" әткеншегінен 17 жастағы қыз бала құлап кетіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Вечерний Орел" сайты. 

Басылым мәліметінше, қыз бала қозғалыс кезінде орындықтан ұшып кеткен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер қыз баланы ауруханаға жеткізген, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!