126 жолаушысы бар ұшақ қону кезінде өртенді

Red Air әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Майами халықаралық әуежайына қону кезінде өртенді. Өрттің видеосын NBC News жариялады.

Оқиға 21 маусымда болды. Желіде жарияланған видеода әуе кемесінің үшу-қону жолағына қонған сәтті өрт шығып, қара түтін көрінеді. 

Әуе айлағының басшылының мәліметінше, ұшақ бортында 126 жолаушы болған, оның үшеуі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.