ІІ Елизавета патшайым әлемдегі ең көп саяхаттайтын монарх болды

2022 жылдың 8 қыркүйегінде қайтыс болған Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета әлемдегі ең көп саяхаттаған монархтардың бірі болған. Express газетінің мәліметінше, Ұлттар достастығы оның ең мақтанышты мұрасы болды. Tourprom сайты осы одаққа қай елдер кіретінін қарастырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ұлттар достастығы - Ұлыбритания мен оның барлық бұрынғы доминиондары, колониялары мен протектораттары кіретін егеменді мемлекеттердің ерікті бірлестігі. Достастық саяси одақ болмағандықтан, оған мүшелік Ұлыбританияның басқа мүшелерге ешқандай саяси ықпал етуіне жол бермейді деп саналады. "Ұлттар достастығы" терминін 1884 жылы Ұлыбритания премьер-министрі Лорд Розберри енгізген.

ІІ Елизавета патшайым Африка, Азия, Америка, Еуропа және Тынық мұхитын қамтитын Достастық елдерінде ортақ тұлға болды. Ол 54 тәуелсіз елдің ерікті бірлестігі - Достастықтың басшысы. Патшайым Ұлыбританияны қоспағанда, 14 патшалықтың егемен тұлғасы болды. Оларға Антигуа мен Барбуда, Австралия, Багам аралдары, Белиз, Канада, Гренада, Ямайка, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадин, Соломон аралдары және Тувалу жатады.

ІІ Елизавета пайтшайымның өзі маңызды қайраткерлермен және азаматтармен кездесу үшін осы елдерге сапар жасады. Ол байланыстарды нығайтуға үміттенді. Патшайым билікте кезінде Достастық елдеріне 200-ден астам сапар жасады. Сонымен қатар, 1995 жылы Біріккен Камерун мен 2009 жылы қосылған Руандадан басқа Достастықтың барлық елдеріне барды. Осы жылдар ішінде ол осы елдерге бірнеше рет сапар жасады. Шын мәнінде, оның барлық шетелдік сапарының үштен бірі Достастыққа кіретін елдерге келеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!