Менің елім 06 мамыр 2024 09:56

Астана әуежайында күрделі жөндеу жүргізілмейтіні рас па? ААК пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордадағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтпейді деген ақпарат - фейк, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Елордадағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтпейді деген ақпарат - фейк, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерде әуежайдың күрделі жөндеудің болмайтыны туралы ақпарат жарияланды. Ол БАҚ-та да таралды. Осыған байланысты елорда әуежайының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

1 мамырдан бастап Астана халықаралық әуежайында (Mabetex Group) бас мердігерімен бірлесіп ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды.

"Асфальтбетон жұмысын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар "К-Дорстрой" АҚ компаниясын іске тартты. Бүгінде объектіде инженерлік-геодезиялық жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізіліп жатыр".

Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейін орындалмайды.

"Қазаэронавигация" РМК арқылы күрделі жөндеуге байланысты әуеайлақта енгізілетін шектеулер туралы NOTAM электронды хабарламасы жіберілді.

"Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан аса уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу сенімгерлік басқару кезеңінде инвестордың бірінші кезектегі міндеті болған. Әуежай әкімшілігі әрбір жолаушы мен отбасының саяхатын қауіпсіз әрі жайлы ету үшін жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты осы уақытта жолаушылар ағыны 2 есеге ұлғаяды.

Сондай-ақ елорда әуежайы жолаушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін ұшу алдындағы тексеру аймақтарын ұлғайтты. Бұл ретте ұшу алдындағы тексеруде шамадан тыс жолаушылар ағыны және вокзал маңындағы тұрақта көлік саны ұлғаюы мүмкін.

"Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылардан рейстерді сәтті орындау үшін әуежайға 3-4 сағатқа ерте келуін сұрайды. Сонымен қатар, жабық тұраққа қарама-қарсы орналасқан 300 көлікке арналған әуежайдың тегін тұрағы бар екенін еске саламыз.

Әуежай әкімшілігі ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін бірінші қатарда тегін арнайы тұрақ орындары және PRM агенттерінің қызметтері бар екенін хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также