Менің елім 30 сәуір 2024 17:54

Астана әуежайының жұмысшылары жалақы мөлшеріне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Астана халықаралық әуежайының жұмысшылары жалақы мөлшеріне наразы болды. Бүгін таңертең олар өз талаптарын айту үшін басшылық алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Астана халықаралық әуежайының жұмысшылары жалақы мөлшеріне наразы болды. Бүгін таңертең олар өз талаптарын айту үшін басшылық алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Жалақыны көбейтеміз деген уәделерге қарамастан, бірнеше жылдан бері жұмыс формасының жоқтығы және талаптарымызды ескергісі келмейтіндігі туралы мәселе туындап отыр", - дейді аты-жөнін атамауды өтінген астаналық әуе айлағының қызметкерлері.

Әуежайдың баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір берді.

"Әуежай басшылығының, жердегі қызмет қызметкерлерінің және Астана авиациялық прокуратурасының өкілдері қатысқан кеңес өтті. Қызметкерлер жалақыны көтеруді сұрады. Тараптар ымыраға келді. Басшылық жалақыны көтеруге қатысты талдау жүргізеді", - деп уәде берді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также