ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМШАРТЫ

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМШАРТЫ


ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМШАРТЫ

1. КЕЛІСІМШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

 

1.1. Осы ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМШАРТЫ (бұдан әрі - Келісім) жүзеге асуы мақсатында келесі терминдер қолданылады: 

1.1.1. «Сайт иесі» — «Effective Media Liaison» (БСН 080940014680) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

1.1.2.  «Сайт» - Веб-беттер, бөлімдер, қосымшалар, қызметтер (бұдан былай - беттер), мазмұн, сондай-ақ желідегі мекен-жай арқылы (домендік атау) Интернетте осы ақпараттың болуын қамтамасыз ететін тиісті бағдарламадан тұратын Интернет-ресурс: https: // www.tengritravel.kz.  

1.1.3. «Контент» — сайт иесі, пайдаланушылар мен үшінші тарапқа тиесілі емес немесе интеллектуалдық еңбектің нәтижесі болып табылатын дизайн, иллюстрациялар, графикалық бейнелер, фотосуреттер, сценарийлер, мәтіндер, бейне, музыка, дыбыс элементтері және/немесе басқа объектілермен бірге ұсынылатын ақпараттық, сараптамалық және өзге де материалдар. 

1.1.4. «Пайдаланушылар» — сайтта тіркелу рұқсат етілген немесе заңмен құқығы шектелмеген 16 не одан да үлкен жастағы кез-келген жеке тұлға. 

1.1.5. «Тіркеу жазбасы (аккаунт)» — бағдарламалық қамтамасыздандыратын және/немесе Сайт Контентіне пікір білдірудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ететін Сайт иесінің жүйесінде сақталатын Пайдаланушының идентификациялануы үшін қажетті ақпаратты қамтитын деректер жиынтығы. Тіркеу жазбасын Сайтта тіркелу кезінде Пайдаланушы өзі жасайды.

1.1.6. «Тіркеуді рәсімдеу» - төмендегі әдістерді пайдалана отырып, Пайдаланушының Тіркеу жазбасын рәсімдеуі:

Ø Электрондық үкімет веб-сайтындағы өзінің цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы;  

Ø Пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі көмегімен бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе Сайт иесінің жүйесіне тіркеу үшін берілетін бір реттік парольді қамтитын қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу.

 1.1.7. «Жеке мәліметтер» - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қолжетімділігі шектеулі мәлімет ретінде жіктелген Пайдаланушы туралы (тегі, аты, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, тіркелу деректері: құпия сөз, логин/бүркеншік аты және т.б.) жеке мәліметтер.

 

2. КЕЛІСІМ НЫСАНЫ

2.1. Бұл Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес ашық ұсыныс болып табылады. Сайт иесі кез-келген Пайдаланушыға осы Келісімге сай көрсетілген шарттар мен тәртіпке бағынған жағдайда Сайт Контенті туралы пікір білдіру үшін Сайтта тіркелуге рұқсат береді.  

2.2. Бұл Келісім Пайдаланушы Тіркеу рәсімінің шарттарына келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 399-бабының 3 тармағы бойынша сайт иесінің ұсынысын қабылдау болып табылады.

2.3. Келісімшарттың талаптары еш ескертулер, шектеулер және алып тастамаларсыз толық көлемде қабылдануы тиіс. Пайдаланушының келісімін білдіруі оның осы Келісімнің талаптарын сақтауға келісуін, соның ішінде, Пайдаланушының Сайтты қолданылу ережелеріне сай келетін азаматтық-құқықтық келісімшарттың жасалуын білдіреді.

 

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Пайдаланушының төмендегідей құқықтары бар:

3.1.1. Тіркеу жазбасынан бас тартып, Келісімнің қолданысын тоқтату;  

3.1.2. Тіркеу  жазбаға кіру үшін қолданылатын пайдаланушы аты/бүркеншік ат мен парольді өзгерту;

3.1.3. Сайттың Контентіне қатысты пікірлерді білдіру  кезінде осы Келісімнің шарттарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескеру;

3.1.4. Жеке деректеріңізді алып тастау және оларды жоюды талап ету, Пайдаланушының тіркеу жазбасын автоматты түрде жойып, осы Келісімнің қолданысын тоқтатады. 

3.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3.2. Пайдаланушы міндеті:

3.2.1. Тіркеу үшін тіркелу формасына сәйкес өзі туралы ақиқат деректерді беру. Сайт иесінің Пайдаланушы берген ақпараттың шынайылығына қатысты қандай да бір күмәні болса, Сайт иесі Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға, уақытша блоктауға және/немесе жоюға құқылы;

3.2.2. Тіркеу жазбасына кіру үшін пайдаланылатын логин мен парольді құпия сақтау. Логин және пароль құпия ақпарат болып табылады және қолданыстағы заңнамада және/немесе Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, еш жерде жария етілмеуі тиіс. Пайдаланушының парольді жоғалтуы және Пайдаланушының тіркелу жазбасына кіруіне байланысты кез келген талпыныстарға Пайдаланушы өзі жауап береді. 

3.2.3. Келісімнің 3.3.1-тармағына сәйкес енгізілген өзгерістермен танысу үшін Сайт бойынша осы Келісімнің мазмұнын мезгіл-мезгіл қарап отыру;

3.2.4. Сайт иесінің және/немесе үшінші тұлғаларының интеллектуалды меншік немесе сол иелік элементтеріне қатысты құқықтарын бұзбауға, атап айтқанда, Пайдаланушыға Сайт иесі орналастырған материалдарды көшіруге, таратуға, жариялауға және басқалай пайдалануға рұқсат етілмейді. Сайтта тікелей рұқсат етілген жағдайлардан басқа (мысалы, әлеуметтік желілер арқылы «ортақ бөлісу» функциясын қоспағанда), Сайт иесінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатта (мәтін, графика, аудио/бейне және т.б.) қолданбау;

3.2.5.Тіркеуге кіру үшін пайдаланылатын логин мен парольдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруіне жол бермеуді (соның ішінде, браузерде құпиясөздің сақталмауын қамтамасыз ету, cookie файлдарын пайдалану кезінде пайдаланушының компьютер құрылғысын үшінші тұлғалар тарапынан пайдалану ықтималдығын азайтуды) жүзеге асыру;

3.2.6. Пайдаланушы  Сайтта өзін қорлайтын, ар-намысын таптайтын және т.б. әрекеттер болған жағдайда Сайтты иесіне хабарлау;

3.2.7. Сайттың Контентіне қатысты пікір білдірген кезде, қоғамда қабылданған этикалық және моральдық нормаларға, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық ақпарат орналастыру шарттарына қолданылатын және осы Келісімнің «Ерекше шарттар» бөлімінің талаптарын және Қазақстан Республикасы заңнамасын қатаң сақтауы тиіс;

3.2.8. Келісімде көзделген және/немесе Сайт беттерінде орналастырылған басқа да талаптарды сақтауға және басқа да міндеттемелерді орындауға тиіс

3.3. Сайт иесінің мынадай құқықтары бар:

3.3.1. Өз қалауы бойынша, кез келген уақытта осы Келісімде кез келген ережелерді (толық немесе ішінара) өзгерту, қосу, толықтыру, алып тастау немесе жоюға құқылы. Сонымен қатар, Келісімнің жаңа редакцияланған нұсқасы Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

3.3.2. Осы Келісімнің талаптарын және/немесе Сайтта орналастырылған ақпаратты пайдалану шарттарын бұзған жағдайда Пайдаланушыны Тіркеу жазбасынан оқшаулауға және/немесе оны жоюға, Сайт беттеріндегі кез-келген Тіркеу жазбасын пайдалануға тыйым салуға құқылы.

3.3.3. Пайдаланушыларға ақпараттық хабарламалар жіберу. Кез-келген түрде Тіркелу арқылы Пайдаланушы электрондық пошта мекенжайы мен тіркеу кезінде көрсетілген ұялы байланыс абоненттік нөміріне ақпараттық хабарламаларды алуға келісім береді.

3.3.4. Кез келген уақытта Сайтта және кез-келген қосымшаларда пайдаланылатын немесе сақталатын бағдарламалық жасақтаманы, Контентті және басқа да объектілерді Сайттың дизайны мен пайдаланушы интерфейсін, оның мазмұнын, берілген функциялардың мазмұнын Пайдаланушыға ескертпей-ақ өзгертуге құқылы; 

3.3.5. Өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Келісімнің ережелерін, өзге де  Пайдаланушылардың, және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын және/немесе бұза алатын Контент және/немесе Ақпаратты ескертусіз жоюға құқылы;

3.3.6. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе осы Келісімнің ережелерін бұза отырып, Сайтқа енгізген кез келген ақпаратты (соның ішінде ескертпелер, Пайдаланушының хабарламалары, басқа да ақпарат және басқа материалдар) өз қалауы бойынша ескертусіз жоюға құқылы.  

3.3.7. Өз қалауы бойынша Сайтта орналастырылған материалдарға пікір білдіру мүмкіндігін беретін техникалық бағдарламаны өшіру.

3.3.8. Сайттағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген зияткерлік құқықтарды, сондай-ақ оның Контентін қорғау жөнінде шаралар қабылдау.

3.5. Сайт иесінің міндеті:

3.5.1. Келісімде көрсетілген шарттарға сай  Пайдаланушыға Сайттағы Контентке пікір қалдыруға техникалық мүмкіндік беру.

3.5.2. Келісімнің шарттарындағы өзгерістер туралы Сайтта ақпаратты орналастыру арқылы Пайдаланушыны хабардар ету; 

3.5.3.  Осы Келісімнің қолданылу мерзімі аралығында (Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты қарастырылған жағдайларды қоспағанда) Пайдаланушының жеке деректерінің сақталуын, үшінші тұлғаларға берілмеуін, және қорғалуын қамтамасыз ету; 

3.5.4. Пайдаланушы өзінің тіркеу жазбасында осы Келісімді тоқтату және өзінің Тіркеу жазбасын жою туралы  өтініш білдіргеннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаны блоктап, оған Сайтта пікір білдіруге техникалық мүмкіндігін тоқтата тұрады. Пайдаланушы туралы жеке мағлұмат «Ақпараттандыру туралы» Заңның 36 тарау 5.1-бабына және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 19 тарау 1-бабының 2-тармағына сай жеке ақпараттарды жою туралы мемлекеттік органдардың ресми өтініші болмағанға дейін сақтаулы тұрады.  

 

4. КЕЛІСІМНІҢ АРНАЙЫ ШАРТТАРЫ

4.1. Пайдаланушы төмендегі ережелерді мойындайды, кепілдеме жасайды және олармен келіседі:

4.1.1. Сайт иесі осы Келісімге өзгерістер жасап жарияланғаннан кейін Пайдаланушының Тіркелу жазбасына кіріп, Сайт Контентіне пікір білдіруі оның осы енгізілген өзгерістермен келісетінін білдіреді;

4.1.2.  Пайдаланушының Сайттың беттеріндегі нақты жағдай/тақырып бойынша барлық хабарламалары/пікірлері өзінің пікірін ғана көрсетеді. Сайттың редакциясының пікірі Пайдаланушының пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Пікірлер мен хабарламалардың дұрыс емес, заңсыз мазмұнында болуы, Пайдаланушының тіркелу жазбасын ашуға тірісқан кез келген талпыныстарға Пайдаланушы өзі жауапты. Сайттың иесі де, редакторлары да ешқандай міндеттемелер алмайды және Пайдаланушы ұсынған кез келген ақпараттың мазмұны үшін жауапты емес;

4.1.3. Оған қатысты жеке деректерді жинау, өңдеу және сақтау процесі осы Келісімнің шарттарының орындалуы мақсатында жүзге асатынын түсінеді және осыған байланысты Сайт иесіне қарсы талап қоймауға міндеттеледі;

4.1.4.  Мүмкіндіктері сот үкәмәмен шектелмеген ересек адам жеке тұлға болып табылады;

4.1.5. Тіркеу жазбасына кіруге пайдаланылатын логин мен парольді үшінші тұлғаларға жария етпейді;  

4.1.6. Сайт иесі пайдаланатын техникалық құралдарды бұзуға тырысқандарды немесе осындай бағыттағы кез-келген алаяқтық әрекеттерді қолдамауға және жүзеге асырмауға міндеттеледі.

4.2. Пайдаланушыға төмендегі әрекеттер жасауға тыйым салынады:

4.2.1. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен араздықты, соғысты тудыратын ойлармен бөлісуге және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік және басқа да категориялар бойынша біреудің өзгеден артықшылығын насихаттауға ықпал ететін насихаттау немесе үгіт жүргізу;

4.2.2. Егер Пайдаланушы үшінші тарап туралы ақпаратты (құпия ақпарат) жария етуге заңды тұрде құқылы болмаса, оны пікір ретінде Сайтқа жазу немесе ақпарат беруге тиым салынады;

4.2.3. Сайт Контентін немесе үшінші тараптың авторлық құқықпен шектелген және сізге оны пайдалану құқығы берілмеген интеллектуалдық меншігін толығымен немесе ішінара жариялауға, бөлісуге, таратуға, қайта өңдеп ұсынуға, жұртшылыққа хабарлауға рұқсат етілмейді (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда)

4.2.4. Сайтта конституциялық тәртіпті бұзуға күштейтін, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын немесе қатер төндіретін, сондай-ақ елдің әл-ауқаты мен тұтастығына зиян келтіретін, жеке және заңды тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне зиян келтіретін немесе зиян келтіруі мүмкін хабарламалар, түсініктемелер, графика немесе басқа материалдар (оның ішінде шындыққа сәйкес келмейтіндер) қолдануға тиім салынады;

4.2.5. Сайтта порнографиялық материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет-сайттарға гипермәтіндік сілтемелерді орналастыруға құрсат етілмейді;

4.2.6. Тіркеу жазбасын өту процедуры кезінде өзі туралы жалған ақпарат ұсынып, аты-жөні мен тегін ойдан жазуға болмайды;

4.2.7. Сайттың және / немесе Сайттың элементтерінің жұмысын тұрақсыздандыруға, немесе олардың жабық бөлімдерін (соның ішінде тек Сайт иесіне ғана рұқсат етілген бөлімдерге) рұқсатсыз кіруге тырысуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру және кез келген басқа да осындай әрекеттер жасауға тиым салынады;

4.2.8. Басқа пайдаланушылардың Жеке Тіркеу жазбасына кіруге рұқсатсыз қол жеткізу үшін құпия сөзді таңдау немесе енгізу арқылы кіруге әрекет жасау;

4.2.9. Коммерциялық, саяси, жарнамалық және басқа да ақпараттарды (осындай ақпаратпен және/немесе зиянды бағдарламамен қамтылған Интернет сайттарына әкелетін гиперсілтемелерді қоса) спам жіберу;

4.3. Пайдаланушы сөзсіз келісім береді (осы келісім жарайды, жеке келісімді қажет етпейді):

4.3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Сайт иесі Пайдаланушы туралы ақпаратты (ЭЦҚ арқылы белсендіру, Сайт беттеріндегі пікірлері ұсыну) Пайдаланушының мүддесін қозғайтын уәкілетті органдарға және үшінші тұлғаларға ақпарат бере алады;  

4.3.2. Сайтқа заңды өтініш берген уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша Сайтқа тіркелген кезде Пайдаланушы ұсынған жеке деректерді жинау, өңдеу және аталған органдарға бере алады.

           Бұл келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған және жоғарыда аталған ақпаратты қамтитын тиісті құжаттарды сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1. Пайдаланушы Тіркеу жазбаларын пайдалана отырып Сайтта қалдырған ескертулері мен хабарламалары, оның ішінде үшінші тұлғалардың немесе басқа Пайдаланушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзатын болса, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жағдайларда үшінші тұлғалар  алдында өзі жауап береді. 

5.2. Пайдаланушы өзінің Тіркеу жазбасыныі қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға міндетті және Сайтта орындалған барлық әрекеттеріне өзі жауап береді.

5.3. Сайттың иесі Пайдаланушының немесе кез келген үшінші тұлғалардың алдынды жазбаны пайдалануына немесе оны пайдалану мүмкін еместігіне байланысты туындаған немесе жоғалған деректер, ар-намысқа, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтірген кез-келген тікелей және/немесе жанама залал үшін жауап бермейді; Пайдаланушының Тіркеу жазбасына рұқсатсыз қол жеткізу орын алған жағдайда да Сайт иесі жауапты емес.

5.4. Сайттың иесі Пайдаланушының Тіркеу жазбасының Мазмұнын қалыптастыруға және Мазмұнды жүктеуге қатыспайды, оның әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне бақылау жасамайды және жауап бермейді.

5.5. Сайттың иесі Пайдаланушылар жазған пікірлерді/хабарламаларды модернизациялауға құқылы, олардың негізінде оларды жою туралы шешім қабылдануы да мүмкін.

5.6. Сайт иесі Пайдаланушыға осы Келісімнің талаптарын бұзғаны туралы кез-келген дәлелдемелерді, құжаттарды және басқа да мәліметтерді ұсынуға міндетті емес, соның нәтижесінде Сайт иесі Пайдаланушыға немесе оның жеке функцияларына кіруге тыйым салуға немесе тоқтатуға және/немесе бұғаттауға құқылы.

 

6. КЕЛІСІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

6.1. Бұл Келісім Пайдаланушы Тіркеу рәсімінің шарттарына Тіркелу процедураларын өті арқылы келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді.

6.2. Сайт иесі кез-келген уақытта Пайдаланушыға ескертусіз және себептерін түсіндірмей-ақ

Келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтата отырып, Келісімнің талаптарын және / немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын біржолғы бұзу жағдайында кез-келген шығындарды өтеместен және Тіркеу жазбасын пайдалану мүмкіндігін дереу тоқтатуға құқылы. 

6.3. Сайттың иесі Пайдаланушы Келісімді бір рет немесе жүйелі түрде бұзған жағдайда және/немесе қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзған жағдайда Пайдаланушыға ескертусіз кез келген уақытта тіркеу жазбасын блоктап, Сайт Контентіне қатысты пікір білдіру мүмкіндігінен айыра алады. Осы мүмкіндіктерді қайта қалпына келтіру Сайт иесі дербес анықталады.

6.4. Пайдаланушы Келісімді кез-келген уақытта біржақты сот тәртібіне жүгінбестен және себептерді түсіндірместен осы Келісімде көзделген шарттарға сай тоқтатуға құқылы.

 

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7.1. Осы Келісім Пайдаланушы мен Сайт иесі арасындағы Сайт Контентіне қатысты пікір білдіру мүмкіндігін пайдалану туралы азаматтық-құқықтық келісім және ол Пайдаланушы мен Сайт иесі арасындағы бұрынғы барлық келісімдерді алмастырады.

7.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Келісіммен алды ала қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. Осы Келісімде реттелетін қатынастардан туындайтын барлық мүмкін болатын даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының негізгі заңдарына сәйкес шешіледі. Осы Келісімнің мәтінінде, «заңнама» термині Қазақстан Республикасының заңнамасына балама ретінде қолданылады.

7.3. Егер осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе күшіне енбейтін деп танылса, бұл шешім Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

7.4. Осы немесе басқа пайдаланушылар осы Келісім ережелерін бұзған жағдайда Сайт иесінің тарапынан еш әрекет жасалмағанның өзңнде, ол кейінірек өз мүдделерін қорғау үшін тиісті әрекеттер жасау құқығынан айырылмайды, сондай-ақ осыған ұқсас заң бұзушылықтар болған жағдайда Сайт иесінің өз құқықтарынан бас тартқанын білдірмейді. 

7.5. Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы мен қазақ тіліндегі нұсқасы арасындағы сәйкессіздік болған жағдайда, осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы қолданылады.