Ұшқыш ұшақта орын ауыстырудың қаупін түсіндірді

Фото ©Shutterstock

Ұшқыш ұшақ бортындағы жолаушылардың өздігінен орын ауыстыруы қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшқыш ұшақ бортындағы жолаушылардың өздігінен орын ауыстыруы қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Жолаушылардың орын ауыстыруы ұшақтың салмағын бөлуге әсер етеді. Бұл мәжбүрлі қонуға және тіпті апатқа әкеп соғуы мүмкін. Егер жолаушылар мен жүктің салмағын дұрыс теңестірілмесе, онда ұшақ ұшу кезінде құлап кетуі мүмкін. Мұндай мәліметті Quora танымдық форумында ұшқыш Магнар Нордал айтып берді.

Реклама
Реклама

"Менің бірінші көмекшім ұшқан рейсте төрт турист ұшу алдында орындарынан алға жылжыған жағдай болды. Салдарынан ұшақ көтерілген кезде қиындықтар туындады: ұшқыш үшін әуе кемесі ауыр болып шықты. Бұл өте қиын жағдай болды, өйткені ұшу-қону жолағы өте қысқа және ұшақ тоқтамай алмауы мүмкін еді", - деп бөлісті ұшқыш.

Ұшқыш Даррен Паттерсон туристердің шамамен 10 қатар орынға көшуі ұшақтың тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін екенін айтты. Орын ауыстырғысы келетін жолаушылар алдымен экипаж мүшелерінен рұқсат сұрауы керек, әйтпесе қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная