Коронавирус пандемиясы саяхаттау мәселесін біршама ысырып тастағаны анық. Әлем жұртшылығында бір топ адаммен белгілі бір кеңістікте болу фобиясы пайда болды. Әлеуметтік ара қашықтық, ПТР-тест, бетперде тағу деген басты сақтық шараларына айналды. Мемлекеттер "қызыл", "сары" және "жасыл" болып бөлінетін болды. Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз. Саяхаттау, ел көру, жер көру деген мақсаттарды емін-еркін жүзеге асыратын күн алыс емес деп ойлаймыз. Негізі жолға шыққан жолаушы ұшақтағы жеке құқығы мен қарапайым ережені білмей жатады. Осыны есепке ала отырып, бірер мәліметпен бөлісуді жөн көрдік. Әзірге қазақстандықтарға тек 12 елге ұшуға болады, жазғы демалыстар қыза түскенде әлемнің кез келген еліне баруға мүмкіндік болатынына үміттенеміз.
Қандай жағдай болмасын сақтық шараларды басты назарда ұстағаныңыз жөн!
© instagram.com/aliuminievye_chemodany.rf
Ұшақ жайлы ақпарат
Боинг 767 ұшағының 3,1 миллион бөлшегі бар. Ол бөлшектер әртүрлі елде шығады. Мысалы, фюзеляжы Жапонияда жасалса, қанаты Оңтүстік Америкада өндіріледі.
Ұшақ есігі орташа есеппен 40 келі, ал сусыны мен тамағы салынған арбасы 90 келі. Мұнымен қатар, күніне бір ұшақ найзағай жарқылына күйеді. Бірақ ұшақтың қорғайтын қабаты болатындықтан, оны ішінде отырған жолаушылар байқамайды.
Ұшақты әдетте адам басқарғанымен, бұл қызметтің жартысын авиапилот орындайды.
Голливуд фильмдері жоққа шығарғысы келсе де, шындығында, ұшу барысында ұшақтың есігін ашып қою мүмкін емес.
"Қара жәшік" ашық түсті, әрі пішіні дөңгелек болып келеді. Апат кезінде орын алатын қайғылы оқиғаға байланысты ғана осылай аталады.
Ұшақтың 37 650 метрге дейін ұшу қабілеті бар. Бұл көрсеткіш 1977 жылғы Кеңес Одағының ұшағы КБ Микоянға тиесілі. Бұдан өзге 18 600 шақырымға дейін қатынай алады.
Ұшқыштар жайлы ақпарат
Бір қызығы кей компания екі ұшқышқа екі түрлі тамақ береді екен. Яғни біреуі уланып қалса, екіншісі ұшақты жүргізе береді.
Ұшаққа байланысты апатты жағдай болса, оның қызметкерлері бұл туралы жолаушыларға айтпайды. Тек апаттың бетін қайтару мүмкін емес болған жағдайда ғана айтуға құқылы.
Кей ұшқыш суық қарумен қаруланып, арнайы дайындық курсынан өтеді.
Кейде ұшқыштардың тамақтанып алғысы келсе, рейстерді әдейі бөгейтін әдеті бар.
Бортсерік жайлы ақпарат
Стюардесса ұшақ мүмкіндіктерін, қауіпсіздік ережесін, алғашқы көмек көрсетуді (бала босандыру, жасанды дем беру, жүрекке массаж жасау) білуі тиіс. Қандай оқиға болмасын, жолаушыға жағдай жасап беру - олардың міндеті.
Жарты жылда бір рет авиокомпаниялар тест емтиханын қабылдайды. Артынша жыл сайын біліктілікті жоғарылату үшін қажетті курстарға жібереді.
Тағам жайлы мәлімет
Ұшақ крандарынан су ішпегеніңіз жөн, өйткені ондағы судың тазалық нормативіне сай келмейді. Оның орнына бөтелкедегі сусын ішсеңіз болады.
Егер тамаққа тоймай қалып жатсаңыз, тағы да қосымша ас сұрауыңызға болады. Сонымен қатар мәзірдегі басқа тағамдарды сатып алу мүмкіндігі бар.
Рейсті кейінге шегерсе
Ұшақ бөгелген уақытта сақтау камерасын қолдану құқығыңыз бар. Төмендегі жағдайларда сіз талап етуге құқыңыз бар:
- 2 сағаттан көп шегерілетін болса, онда сіздің екі рет телефон шалу мен екі рет хабарлама жіберуге құқығыңыз бар.
- 4 сағаттан көп шегерілсе, компания қызметкерлерінен ыстық тамақ талап ете аласыз.
- 7-10 сағатқа кешіксе, компаниядан қонақүй сұрай аласыз.
- ұшақ күрделі мәселе есебінен бөгелсе, билет ақшасын (сағатына 25 пайыз, бірақ билет бағасының 50 пайызынан аспауы керек) қайтарып береді.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.