Ұшаққа алғаш рет отыратындарға керек кеңестер

© pixabay.com/Nel_Botha-NZ

Ұшаққа бірінші рет отырған адам қатты қобалжығандықтан мұндай саяхатты ұнатпай қалуы мүмкін. Бұл әдетте адамның күткені шындықпен сай келмей қалғанда болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшаққа бірінші рет отырған адам қатты қобалжығандықтан мұндай саяхатты ұнатпай қалуы мүмкін. Бұл әдетте адамның күткені шындықпен сай келмей қалғанда болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алайда ұшуға дұрыстап дайындалса, қорқатын ештеңе жоқ. Travel Rambler порталында ұшаққа бірінші рет отыратындарға нұсқау жарияланыпты.

Реклама
Реклама

Жүгіңізді дұрыс жинаңыз
Кішкене рюкзак немесе қол сөмкені салонға алып кіруге болады, ал чемоданды өткізу керек. Сондықтан кітап, планшет, ноутбук және өзге гаджетті рюкзакка салып алыңыз.

Құжаттарды өзіңізбен алып жүріңіз
Төлқұжат пен билетті қалтаңызға салып алыңыз. Оны ұрлап қоймас үшін ғана емес, дер кезінде әуежай қызметкеріне көрсете алу үшін өзіңізбен алып жүріңіз. Олар тіркеу, төлқұжатты бақылау бекеті мен ұшар алдындағы тексеріс кезінде керек болады.

Әуежайға кіре сала тіркеу орнын іздеңіз
Ондай орын нөмірі ұшу таблосында көрсетіліп тұрады. Әдетте ол әуежайға кіре берістегі көк түсті экран. Ол жерде сізге билетті табыстап, жүгіңізді қабылдап алады.

Өзге жолаушыларға ыңғайсыздық тудырмаңыз

Ұшу аймағына өтер кезде адамдарды итермеңіз, құжатыңызды көрсетіп, аптықпай кезекте тұрыңыз. Әуежай қызметкерлерінің нұсқауын орындап, нұқсаулықтар көрсеткен бағыт бойынша жүріңіз.

Тыйым салынған заттар тасымаңыз
Әуежай аумағына су шөлмегін алып кіруге болады, ал ұшу айлағына сізді онымен кіргізбейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная