Ресейлік бортсерік қыз ұшақ суға құлаған сәтте қалай аман қалу жолдарын айтты. Рушана есімді стюардесса TikTok желісіндегі парақшасында жариялаған видеода ұшақ суға қонған кезде қауіпсіздік ережелері туралы айтқан.
Қыз бала осындай апат кезінде аман қалудың екі жолы барын айтады. "Бастысы мынаны есте сақтау қажет - құтқару жилетін ұшақтың ішінде емес, сыртында үрлеу қажет. "Әйтпесе сізді қалтқы (поплавок) секілді көтеріп тастайды да, сіз шыға алмай қаласыз", - деп түсіндірді стюардесса.
Сонымен қатар, Рушана ұшақтың суға құлаған кезінде эвакуация лайнердің артқы бөлігінде жүргізілмейтінін айтады, өйткені ол жағы бірінші болып суға бата бастайды екен. "Уақыт жоғалтпа, ұшақтың қанаттарына не алдыңғы бөлігіне қарай жүгіріңіз", - дейді бортсерік қыз.
@ms_rusha01Серьезный выпуск!!! Рассказываю как выжить... помогите добить 30к в инсте ms_rusha??? #стюардессапоименируша
♬ оригинальный звук - ms_rusha01