Туристерге акула шабуылдаған жағдайда қалай аман қалудың жолы айтылды

Жағажай демалысы кезінде акуламен кездеспеудің жолы және теңіз жыртқышы шабуылдаған жағдайда өзіңді аман алып қалу үшін не істеу керектігі айтылды, - деп хабарлайды CNN.

Біріншіден, саяхатшыларға саяз жағалаудың аумағынан асатын терең каналдарда шомылмауға кеңес береді. Әсіресе балық аулауға арналған жерлер қауіпті. 

Екіншіден, мамандар судағы майда әрі орта балықтарға назар аударуға кеңес береді - егер олар су бетіне секіріп жатса, онда жақын маңда акула бар деген сөз. Сонымен қатар, күн шыққанда және күн батарда шомылмаған жөн және суға қатты жылтырлайтын әшекейлермен түспеу керек. 

"Егер сіз акуламен кездессеңіз, суды шалпылдатпаған жөн, сондай-ақ оған теріс қарамаңыз. Акула - кенеттен шабуылдайтын жыртқыш. Сіз оған тіке қарап тұрғаныңыз абзал, өйткені оның артыңыздан келіп тап беруіне мүмкіндік аз болады", - дейді акула зерттеушісі әрі ұлыбританиялық Shark Trust and Shark Conservation Society ұйымының экс-төрағасы Ричард Пирс.

Алайда мамандар қатты алаңдауға болмайтынын айтты, өйткені жұртшылық жүретін жағажайларда акуланы кездестіру екіталай, себебі акула адаммен кездесуден қашқақтайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Juju | Shark Diver (@sharkkidjuju)