Саяхатқа чемодан жинау да бір өнер десе болады, өйткені сіз бәріне дайын болғыңыз келеді және сонымен бірге ауыр заттарсыз саяхатқа шыққыңыз келеді. Kaztengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге саяхатта өзіңізбен алуға міндетті емес, пайдасыз заттар тізімін жасады.
Біз TheTravel, TheLoop, 1Cover және GloboTreks сайттарының рейтингтерін зерттеу барысында өз тізімімізді жасадық.
Ең қызығы, әдетте чемодандағы заттардың тең жартысы жарамсыз болады. Көп саяхаттамайтын адамдар барған соң керек затты іздеп жүрмеу үшін чемоданды керек-жарақпен толтырып алғанды жөн көреді. Бірақ бұлай істеу сіздің қалтаңызға салмақ салады және барған жерден кәдесый алуға мүкіндік бермейді. Ең сорақысы – сізде екі чемодан болса, онда саяхат кезінде жүріп-тұруыңыз, яғни екі қолыңыз бос болмаған соң қоңырауға жауап беру, су ішу немесе құжат көрсету қиынға соғады. Саяхатқа шығарда тек ең керектіні ғана салатын бір-ақ чемодан алуға тырысыңыз. Сыймаған затты үйде қалдырыңыз.
Қызық кеңес:
Саяхатшының мынадай жалпыға бірдей ережесін сақтауға тырысыңыз: өз ойыңызша, қажет болатын заттарды салып, содан кейін сол заттардың тең жартысын алып тастаңыз. Бұл ереже әрқашан туристке артық жүктен арылуға көмектеседі.
Киім-кешек
Әдетте саяхатқа шыққанда біз тек ыңғайлы киімдерді ғана киеміз, ал қалғаны чемодан түбінде қала береді. Тек мыжылмайтын матадан тұратын киімдер алыңыз, негізгі киімдеріңізге қоса әртүрлі мойынорағыш алуға болады. Егер сапарыңызда ресми кездесулер болса, киіміңізд алдын-ала ойластырыңыз: костюм немесе смокинг. Егер сізде ресми кездесулер болмаса, барынша аз киім-кешек алыңыз, мүмкін ұнаған затыңызды сатып аларсыз.
Қызық кеңес:
Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында қолданылатын ерекше саяхатқа арналған құрылғы. Бұл – жастықтың қабы. Ұйқыңыз келгенде, жастықтың қабын киіммен толтырасыз, жастығыңыз дайын.
© shutterstock
Аяқ киім
Әдетте, үшінші жұп әрқашан артық болады. Біз әртүрлі жағдайларда арнайы аяқ киімді таңдауға дағдыланғанбыз, ал саяхат кезінде мүлде қажет емес. Тәжірибе көрсеткендей, екі жұп жеткілікті, біреуі - ауа райы жақсы болса, екіншісі – жаңбырлы күні ыңғайлы болады, екі жұп та күні бойы серуендеуге ыңғайлы болуы шарт.
Қызық кеңес:
Ұшаққа ауырлау аяқ киім киіңіз (мысалы, кроссовкалар), жеңіл аяқ киім қол сөмкегесыйып кетеді. Тағы бір жақсы кеңес - ұшаққа өзіңізбен бірге ыңғайлы тәпішке салып алыңыз, аяқтарыңыз демалып, сергіп қаласыз.
Қол сөмке
Бір қарағанда, белге байланатын саяхатқа ыңғайлы шағын сөмке - кез келген туристке таптырмас нәрсе. Ақша, бөлме кілттері, құжаттар және басқа да ұсақ-түйектерді салып алуға болады. Бұл туралы барлығы біледі, әсіресе қалта ұрылары, туристік автобустағы көршіңіз, жаяу жүргіншілер жақсы біледі. Бұл сөмкеден оңай ұрлап алуға болады және бәрі сіздің бағалы заттарыңыз қайда екенін біледі.
Ақшаңызды және банк карталарын қорғаудың тиімді әдісі - оларды әр түрлі қалтаға және сөмкеге салу. Осылайша, егер бірдеңе жоғалса немесе ұрланса, сізде бәрібір жартысы қалған болады. Саяхат кезінде қажетті қосымшалар туралы ұмытпаңыз, құжаттар мен билеттердің көшірмелерін электронды нұсқада сақтаңыз: егер сіз сөмкені немесе құжаттардың бірін жоғалтсаңыз, полицияға өзіңіздің кім екеніңізді дәлелдеуге тырысқаннан гөрі, қауіпсіз жерде ұстаған абзал.
Жолға жарар үтік пен шаш бұйралағыш
Бұл заттарды демалысқа немесе іссапарға алып бару керек пе? Саяхат - бұл шаш сәндеуді жіне мыжылған киімді ойлайтын уақыт емес. Егер сіздің сапарыңыз маңызды іскерлік кездесулерден тұрмаса, демалыс - бұл барлығынан демалуға мүмкіндік беретін уақыт. Шаш сәндеусіз-ақ әр жаңа күнді қуана қарсы алып, үтіктелмеген киімсіз-ақ жүруге болады. Үтіктеуді қажет етпейтін ыңғайлы киімдерді өзіңізбен бірге алыңыз. Егер сіз үтік өте қажет болса, үтікті әрқашан қонақүйден таба аласыз.
Бұл тізімге неге шаш кептіргіш қосылмады? Бұл жерде пікірлер екіге бөлінеді. Ер адамдар ол мүлде керек емес, тек артық жүк болады десе, әйелдер жағы қонақүйдегі шаш кептіргіштің әрдайым жеткілікті кептірмейтінін, сондықтан міндетті түрде өзіңдікін алып жүру қажеттігін алға тартады.
Қызық кеңес:
Егер маңызды кездесуге киім даярлап жатқан болсаңыз, ілгішке іліп, жуынатын бөлмеге апарып қойыңыз, фыфстық будан киіміңіздің қыртысы жазылып қалады. Мұндац тәжірибеден кейін киіміңіз дымданып қалса, шаш кептіргішпен кептіріп алыңыз.
Әшекей бұйымдар
Туристердің тағы бір мәселесі - қымбат бұйымдар, олар жергілікті алаяқтар мен қалта ұрыларының іздегені, сондықтан бағалы заттарды үйде қалдыруды ұсынамыз. Уақыт өткен сайын туристер қымбат емес, бірақ әдемі этникалық әшекейлерді қалайды.
Нәзік жандыларға асыл тасты әшекей бұйымдарын теріс қаратып тағуды ұсынамыз. Осылай жасау арқылы ұрылардың көзіне түсуден аулақ боласыз.
Косметика мен гигиеналық заттар
Өзіңізбен бірге көп мөлшерде, сусабын, жақпамайларды алып жүру қиынға соғары анық. Сусабын, гель, жақпамайы толтырылған үлкен құтыларды алып жүру ауыр, әрі артық жүк болады. Сондықтан мұндай керек-жарақтың кішкене көлемдісін ғана алыңыз.
Жол дәрігерлік сөмкесі
Өзіңізбен бірге алғашқы медициналық көмек жинағын алуға болады, әсіресе егер сіз өркениеттен алыстау демалысқа шыққан болсаңыз. Бірақ сізге дәрі-дәрмектердің ең қажеттісін ғана алуға кеңес береміз, чемоданыңызды дәрі-дәрмекпен толтырмаңыз. Өзіңізбен бірге антисептик (мысалы, сутегі асқын тотығын), анальгетиктерді, суыққа қарсы дәрі-дәрмектерді, белсендірілген көмір, патчты және аллергияға арналған заттарды алыңыз.
Электронды заттар
Қазіргі ұялы телефондар барлық белгілі құрылғылардың орнына қолданылатыны анық, егер демалыста жұмыс істеуді жоспарламасаңыз, ноутбукті үйде қалдыруға кеңес береміз. Фотографиялық жабдықтар да қажет болмауы мүмкін, себебі ең ерекше кадрларды смартфонмен түсіруге болады. Сонымен қатар, планетада сөмкеден қымбат қондырғыларды алу қауіпті тудыратын елдер бар. Сондықтан демалуға және әлемнің түкпір-түкпірін ауыр зат арқаламай-ақ аралауға кеңес береміз.. Егер сіздің барлық электронды құрылғыларда бірдей зарядтау қосқышы болса, барлығына бір зарядтағыш алуға болады.
"Бір керекке жарап қалар" деген заттар
Саяхатшылардың басты қателігі – кез келген жағдайға керек боп қалар деген себеппен көп зат алып жүруі. Егер саяхатта бір зат керек болып қалса, оны жақын маңдағы дүкеннен немесе дәріханадан табуға болады.
Қызық кеңес:
Туристтің басты алар жүгі – ол киімнің тең жартысы мен ақшаның екі есе мөлшері. Бұл әрқашан жұмыс істейді!
Шындығында, демалыстың негізгі қажеті - ақша мен төлқұжат, қалғандарының бәрін сатып алуға немесе жасауға болады. Есіңізде болсын, сізде жүке аз болса, сапар соғұрлым жеңіл болады!
Қажет емес саяхат заттарының тізіміне кітаптар, тауға шығуға арналған аяқ киім, саяхат нұсқаулықтары, фонарь, қосымша шалбар немесе күрте кіреді.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.