Туристер саяхатқа шыққанда қай тілде сөйлейді

Онлайн-сервиске сұхбат берген ресейлік туристер саяхатқа шыққанда қай тілде сөйлейтіндерін және қай тіл саяхатта жиі қолданылатындығын айтты,- деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы OneTwoTrip сайтына сілтеме жасап.

Компания мамандары 2480 қолданушыға сауалнама жүргізіп, олардың үштен бірінен астамы (34 пайызы) ана тілінен басқа тілде сөйлемейтіндігін анықтады. Осынша адам тек бір шет тілінде, ал екі шет тілінде респонденттердің 19 пайызы сөйлейді. Әрбір оныншы адам үш тілді меңгерген. Тек 1 пайызы ғана полиглот болып шықты, олар төрт-бес тілде еркін сөйлей алады.

Саяхатшылар қаншалықты жас болса, соғұрлым кем дегенде бір шет тілінде сөйлей алады. 19 бен 25 жас аралығындағы респонденттердің арасында тек төрттен бірі ғана, 40 жастан асқандарда 52 пайызы шет тілінде сөйлемейтіндер болып шықты.

Қолданушылар ағылшын тілін жақсы біледі (84 пайызы). Әр жиырмасыншы адам неміс тілінде, ал 4 пайызы испан тілінде сөйлей алады. Саяхатшылардың 3 пайызы итальян және француз тілдерін біледі екен.

Респонденттердің көпшілігі өздерінің біліміне күмән келтіреді: 44 пайызы оқуын жалғастыру керек екенін мойындады, тағы 40 пайызы олардың деңгейі орташа және оларға әлі де үйрену керектігін айтты. Туристердің тек 16 пайызы ғана шет тілінде тамаша сөйлейтін болып шықты. Әдетте орыстар жергілікті тұрғындармен ағылшын тілінде сөйлеседі, 39 пайызы бұл жауапты таңдады. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі сурдоаударманы қолданғанын мойындады, ал 12 пайызы экскурсияда гидтің немесе аудармашының қызметін пайдаланады. Үш пайыз - жауаптың басқа нұсқалары көрсетілген, мысалы, біреу қонақүйдің немесе дәмхананың орыс тілді қызметкерлерін іздейді екен. Әрбір бесінші респондент барған елдің тілінде сөйлеуге тырысады деп жауап берілді.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (56 пайызы) саяхат кезінде онлайн-аудармашыларды немесе тілашарларды қолданады.