Туристер арасында танымал қосымшалар тізімі жарияланды

© shutterstock

Мобильді қосымшаларға анализ жүргізетін Apptopia.com сервисі 2021 жылы смартфонға саяхаттауға көмекші қосымшаларды жүктеу бойынша жалпы әлемдік рейтинг құрастырды, - деп хабарлайды Focus on Travel News.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мобильді қосымшаларға анализ жүргізетін Apptopia.com сервисі 2021 жылы смартфонға саяхаттауға көмекші қосымшаларды жүктеу бойынша жалпы әлемдік рейтинг құрастырды, - деп хабарлайды Focus on Travel News.

2021 жылы саяхатшылар жиі жүктеген сервис түрі - Google Maps болды. Миллиондаған туристер мұны дүкендер мен мейрамханаларды іздеуге, жол жүру кезінде бағдарлаушы ретінде және серуендеу үшін қолданады. Оны 106 миллион рет жүктеген. Екінші кезекте Uber (94 миллион жүктеу) және үшінші орында Booking.com - 63 миллион рет жүктелген. Рейтинг мобильді қосымшаларға анализ жүргізетін Apptopia.com мәліметіне сай құрастырылған. 

2021 жылы саяхаттау үшін ең көп жүктелген қосымшалар:

Реклама
Реклама

1. Google Maps (106 миллион)

2. Uber (94 миллион)

3. Booking.com (63 миллион)

4. Google Earth (57 миллион)

5. Airbnb (44 миллион)

6. DiDi (27 миллион)

7. Bolt (25 миллион)

8. Lyft (23,3 миллион)

9. Where is my Train (23,1 миллион)

10. Grab (23 миллион)

Сондай-ақ онлайн-турагенттіктер қосымшаларының рейтингі жарияланды. Үздік үштікке Booking.com, Airbnb және Hopper кірді. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная