© pixabay.com © pixabay.com

Турист қонақүйге карантинге жатқызылған жолаушыларға лайфхак ұсынды


Дин Уильямсон жұмысына байланысты жиі командировкаға шығады екен. Сол себепті ол жиі өзін-өзі оқшаулауға тура келеді. Биыл ол осылайша тоғыз аптасын карантинде өткізген. Осы уақыт аралығында ер адам саяхатшылар үшін таптырмас айла тапқан, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Диннің айтуынша, ол қонақүйде еріксіз әрі жалықтырар уақыт өткізу үшін өз қалтасынан төлемейді және осы тұсы оны қуантады екен. 

"Егер бұл үшін мен өз қалтамнан шығаратын болсам, сұмдық ашуға булығатын едім. Қуанышыма орай жұмыс беруші төлейді", - дейді Дин Уильямсон. 

Ол қонақүйлерде тамақтандыру мәселесі ақсап тұрғанын айтады. Ал қонақүйлердің иелері келушілерге жағу оңай еместігін әрі олардың көптігін айтып, сол себепті қызмет көрсету деңгейі төмендеп жатуын түсіндіреді. 

Осы мәселелердің шешімі ретінде Дин Уильямсон кішігірім лайфхак ойлап тапқан, соның арқасында ол қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін көре бастаған. 

"Міне менің кеңесім: қонақүйге барғанда өзіңіздің жиі темекі шегетініңізді айтыңыз, содан кейін сізге балконы бар номер беріледі. Осылайша қонақүйдегі ең тәуір номерлердің біріне ие боласыз", - дейді ер адам. 





Осыған ұқсас мақалалар

Қара сарқырама, мұздық және сәттілік әкелер ит. Тұйық-Су шатқалы туристерді несімен қызықтырады? Қара сарқырама, мұздық және сәттілік әкелер ит. Тұйық-Су шатқалы туристерді несімен қызықтырады?
Қазақстандық Мексикадан Канадаға дейін жаяу жетті Қазақстандық Мексикадан Канадаға дейін жаяу жетті
"Бәріңе сәлем, мен мұнда бір аптаға келдім". Неліктен Tinder қосымшасы әрбір туристтің смартфонында болуы қажет? "Бәріңе сәлем, мен мұнда бір аптаға келдім". Неліктен Tinder қосымшасы әрбір туристтің смартфонында болуы қажет?