Ұшаққа кешігіп қалу - жағымсыз жайт, әрине, бірінші рет кешіккенде абдырап қалуыңыз мүмкін және билет күйіп кетті деп те ойлауыңыз мүмкін, бірақ бұл олай емес. Мұндай кезде не істеу керегі жайлы білу үшін біз қазақстандық әуе компанияларына жүгіндік. Толығырақ Kaz.tengrinews.kz порталы мен Aviata.kz сервисі материалынан оқи аласыз.
SCAT әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова түсіндіргендей, билетті қайта брондауға болады.
"Егер жолаушы рейске кешігіп қалса, ол ұшуды басқа рейске қайта брондай алады. Орын болған жағдайда, ең жақын рейс таңдалады. Ауыстыру немесе қайта брондау сатып алған жерде жүзеге асырылады. Билеттің құнын қайтару немесе қайта брондау ол билет сатып алынған тарифті қолдану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Егер билет әуе компанияның сайтында немесе кассада сатып алынған болса, онда сіз әуежайдағы билет кассасына жүгінесіз. Егер билет онлайн билет сату қызметтерінде сатып алынған болса, онда сіз сол жерде өтініш беруіңіз керек. Олар жылдам жауап береді, барлық жүйелер деректермен жылдам алмасады", - дейді Старожилова.
Оның айтуынша, ұшақ ұшып кетсе де, жолаушы қайта брондауға өтініш бере алады.
"Бұл жағдайда сатып алынған билеттің тарифына байланысты болады. Қайтару немесе ең аз айыппұлмен қайта брондауға болатын тарифтер бар. Қайтарылмайтын, айыппұл салынатын билеттер де бар және мұның бәрі билет сатып алу кезінде жазылады", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі жолаушы рейске кешігіп қалса, сатып алған билеттің шарттарына мән берілетіндігі жайлы айтты. "Әр тарифтің өз шектеулері мен айыппұлдары бар", - деді әуе компаниясы.
"Тасымалдауды сату кезінде әуе компаниясы тарифтердің көп түрін қолданады. Тарифтерде қолдану шарттары белгіленген. Билет сатып алу кезінде таңдаған тарифтің шарттарымен танысуды ұсынамыз.
Егер саяхат кезінде әртүрлі ұшу бағыттары үшін тарифтердің бінеше түрі қолданылса, қайта брондау кезінде әрбір өзгертетін рейс үшін тариф ережелерінде белгіленген мөлшерде айыппұл салынады. Толығымен пайдаланылмаған немесе жартылай пайдаланылған билетті қайтару кезінде бағытта көрсетілген тарифтің әр түрі үшін белгіленген айыппұл сомасы қолданылады.
Рейске тіркелу аяқталғанға дейін орындарды брондау жойылған жағдайда, брондау күшін жоюмен қатар билетті қайта брондау немесе қайтару қажет. Егер билет рейске тіркелу аяқталғаннан кейін қайта брондалған/қайтарылған болса, онда орындардың жойылғанына немесе жойылмағанына қарамастан, тариф шарттарында көрсетілгендей рейске келмегені үшін комиссия (NO-SHOW) алынады.
Бұл ретте әуе компаниясы мыналарға назар аударады:
- қайта брондау ақысы қайтарылмайды;
- егер рейс серіктес әуе компаниясымен орындалса, сол әуекомпанияның ережелеріне сәйкес тегін багаж /залға кіру рұқсаты/баллдарды есептеу қолданылуы мүмкін;
- көптеген науқандық тарифтер үшін максималды мерзімі - 1 ай.
Егер сіз осындай жарнамалық тариф бойынша сатып алынған билетті жөнелту күнінен бастап 1 айдан асатын күндерге қайта брондау туралы шешім қабылдасаңыз, сізден сатып алынған тариф пен қалаған күндерде қолжетімді жаңа тариф арасындағы айырмашылық алынуы мүмкін.
Qazaq Air әуе компаниясы жолаушылар ұшуға алдын ала дайындалып, рейске кешігіп қалмауы қажет екендігін ескертеді.
Ішкі рейстерге тіркелу ұшудан бір жарым сағат бұрын ашылады және ұшуға 40 минут қалғанда жабылады. Халықаралық рейстерге тіркелу 3 сағат бұрын ашылады және ұшуға 40 минут қалғанда жабылады.
Әуе компаниясының ресми сайтында жолаушылардың алдын ала онлайн тіркелу мүмкіндігі бар. Біздің рейстерге онлайн тіркелу ұшудан 48 сағат бұрын ашылады және ұшуға 3 сағат қалғанда жабылады.
"Жолаушы тіркеу рәсімдерін аяқтау үшін әуе кемесі жөнелтілгенге дейін 40 минуттан кешіктірмей әуежайға келіп тіркеледі. Әуеа компанияның барлық рейстеріне тіркелу ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады, ал әуе кемесіне отырғызу ұшақтың шығуына 20 минут қалғанда жүзеге асырылады", - деп хабарлайды Qazaq Air баспасөз қызметі.
Билеттерді қайтару және айырбастау тарифтің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
"Билеттер тариф шарттарына сәйкес қайтарылады. "Комфорт" тарифін таңдаған кезде билет құны шегерімсіз қайтарылады. "Оңтайлы" тарифінде билет құнының 30 пайызы қайтарылады. "Жеңіл" тарифі бойынша билеттер қайтарылмайды.
Әуе компаниясы билет құны қандай жағдайда айыппұлсыз қайтарылатынын да айтты.
Олар: рейстің тоқтатылуы, рейстің 3 сағаттан астам кешігуі, жолаушының немесе онымен бірге сапарға шыққан отбасы мүшесінің қайтыс болуы, әуе кемесін орындары аз кемеге ауыстыру және орынмен қамтамасыз ете алмағанда; сатып алынған билетке сәйкес жолаушыны тасымалдауды қамтамасыз ете алмау; әуе кәсіпорнының бірдей бланкідсінде ресімделгендей тоғысатын рейстерді ұсынбаған жағдайда.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.