26 наурыз 2024 11:53

Стюардессалар қай жасқа дейін жұмыс істей алады

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Air Astana әуекомпаниясында стюардесса болып жұмыс істейтін бойжеткен туралы видеоролик тарады. Ол "әуедегі" жұмысына 10 жылын арнаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Air Astana әуекомпаниясында стюардесса болып жұмыс істейтін бойжеткен туралы видеоролик тарады. Ол "әуедегі" жұмысына 10 жылын арнаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Айжан есімді стюардесса өзінің TikTok-тағы парақшасында 2015 жылдан бергі жұмысы туралы видео жариялады. Ол бірден әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілінді.

Реклама
Реклама

Айжан шамамен 10 жыл бұрын осы жұмысқа орналасқан. Өзінің жұмысы барысында ол тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар қалай дұрыс бояну керегін де үйренген. Айжан көп елге саяхаттап, әлемді көру мүмкіндігіне ие болған.

Air Astana баспасөз қызметі Айжанның компанияда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын растады. Айтуынша, ол Өскемен қаласында дүниеге келген.

"Бастапқыда келісімшартқа сәйкес тек үш жыл жұмыс істеуді жоспарлаған едім. Алайда іс жүзінде бәрі мүлдем басқаша болып кетті. Алғаш рет жұмысқа кіріскенімде менің менеджерім: "Авиация еліктіріп әкетеді. Осында бір рет келгеннен кейін, кеткіңіз келмейді. Авиация - бұл көптеген жылға жалғасатын махаббат" деп айтқан еді. Ол кезде бұл сөздің мағынасын тереңінен түсінбедім. Бірақ қазір толық келісемін", - деді Айжан.

Бойжеткен жұмыс барысында ең қиыны - ерте тұру, ұйқысыз түндерді басынан өткеру және басқа елдердегі үлкен уақыт айырмашылығы екенін атап өтті.

"Компанияда 10 жылдан аса уақыт жұмыс істегеннен кейін қызметкер басшылықтан қол сағаты түрінде бонус алады" деседі. Шынымен де солай екен.

"Компания "Президентпен таңғы ас" ұйымдастырады. Онда компания президенті сағаттарды жеке жеке тапсырады", - деді ол.

Компанияның мәліметінше, стюардессалар 61 жасқа дейін жұмыс істей алады екен. Мәселен Air Astana әуекомпаниясында 10 жылдан аса тәжірибесі бар 499 стюардесса бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама