Стюардесса ұшақ салонына неліктен ауыр жүк алып кіруге болмайтынын түсіндірді

Қазақстандық бортсерік қыз Instagram желісіндегі парақшасында неліктен жолаушыларға борт ішіне ауыр және ауқымды қол жүгін алып кіруге болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz

Оның айтуынша, борт салонына 5 келіден аспайтын, кішігірім қол жүгін кіргізуге ғана рұқсат берілген.

"Біріншіден сөрелердің белгілі бір ауқымда болуы мен бекітілген нормалық жүк көтеру межесі үшін. Екіншіден, егер қатты турбулентті жағдай болса үлкен ауыр сөмкелер барынша аз зардап келтірмеуі үшін. Үшіншіден: егер апаттық жағдай болғанда қолға тез көтеріп шыға алатын сөмкеше болады. Естеріңізде болса былтыр Мәскеу қаласының Шереметьево әуежайындағы СухойСуперДжэт әуе кемесіндегі адамдардың қайтыс болуы көптеген жолаушылар үлкен чемодандарымен шығу жолын бөгеп қалғаны үшін болған еді", - дейді ол.